Айдос Сарым. Жеңісіміз жеңіліске айналмасын десек…

Биы­лғы жыл­дың басты ерекшелі­гінің бірі – елі­міз­де­гі Жеңіс күні айры­қ­ша бір бел­сен­ділік­пен ата­лып өтті. Кремль­дің үстем­шіл, импер­шіл сая­са­ты­на мүл­дем төтеп бере алмай­тын сияқты­мыз деген билік бар­ша үдерістер­ді өзі басқа­рып, оларға асқан көп­шілік сипат беріп, сасқан үйрек­тің кебін киген­дей бол­ды.

Себебі дәл кеше­гі­дей Қаза­қстан­да Кеңес Одағы­ның тула­рын ұстап көше­ге шыққан емес. Елі­міз­де КСРО-ны аңса­у­шы­лар, Кремль­дің жымысқы сая­са­тын жүр­гі­зу­шілер­дің көп­теп жүр­генін айқын бай­қа­дық. Сон­да «ел бір­лі­гі», «тәу­ел­сіз мем­ле­кеті­міз» дегені­міз қай­да қал­ды? Енді бір-екі рет 9 Мамыр­ды кеше­гі­дей той­ла­сақ, еге­мен­ді­гі­міз­ден айы­ры­лу қау­пі анық көрініп тұрған­дай. Ресей біл­генін жасап, ел аза­мат­та­рын өз мем­ле­кетіне айдап сала­тын жағ­дай­ға жет­тік. Енді не істе­мек керек?

Ең алды­мен біз ұлт болып, қоғам болып кеше­гі мей­рам­ның мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­лық аппа­рат­тың ойсы­рай жеңілуі екенін мой­ын­да­уы­мыз қажет. Жыл­дар бойы ауыз тол­ты­рып айтып кел­ген идео­ло­ги­я­лық кон­струк­ци­я­лар­дың пар­ша-пар­ша­сы шықты. Біз ресей­шіл емес­піз, тек ата­ла­ры­мы­зды еске алып жүр­міз деген­дер «қара-сары жолақтар» мен «жау­жүрек мар­штар­дың» Кремль­дің сце­на­рий­і­мен өз жақ­та­ста­рын жинау, оларға пәр­мен беру, ел билі­гі мен қоға­мы­на күш, сес көр­се­ту мақ­са­тын­да жүр­гізіліп жатқа­нын айқын түсі­нетін кез кел­ді. Бұның бәрі де ойын­шық емес.

Бұл сая­сат­тың аста­рын­да кеше­гі кеңе­стік рес­пуб­ли­ка­лар­ды қай­та­дан Ресей қара­мағы­на жинау, ата­лар жолын сөз ету арқы­лы идео­ло­ги­я­лық бағын­ды­ру, табын­ды­ру жатыр.

Мораль­дық тұрғы­дан ешкім өз ата­сы­ның ерлік жолын кем­сі­те алмай­ты­нын жақ­сы түсін­ген Ресей соңғы көзірін еш аяу­сыз, жөн-жосы­қ­сыз пай­да­ла­нып келеді. Және де бұл сая­сат әлем­дік қарқын алып келе жатыр. Бұны түсін­ген елдер қолы­нан кел­ген қар­сы­лы­қты көр­сетіп жатыр.

Мыса­лы, күні кеше билік­ке кел­ген Арме­ния пре­мьері Паши­нян Жеңіс күнін 9 мамыр­дан 8 мамы­рға ысы­рып таста­ды: армян­дар бұл күн­ді бар­ша әлем жұр­ты­мен бір­ге атап өтуі тиіс деген ой. Гру­зи­яда кеше «Геор­гий жолақта­рын» таққан орыс дипло­мат­та­рын жүр­гіз­беу, жолақта­рын шеш­кен­нен кей­ін ғана көп­шілік­пен табыст­ыр­ды. Бал­тық елдерін­де, Шығыс және Еуро­па елдерін­де ком­му­низм қыл­мыстық идео­ло­гия деп табы­лып, оның сим­вол­да­ры мен рәміз­дерін наси­хат­та­уға тый­ым салы­нған. Мыса­лы, Кеңес Одағы­ның туын біреу-міреу көше­ге алып шыға­тын бол­са, оны поли­ция дереу құры­қтап, оған айып­пұл сала­ты­ны бел­гілі.

Біз­де­гі жағ­дай, Абай ата­мыз айтқан, «баяғы жар­тас – сол жар­тас» қал­пын­да. Жыл сай­ы­нғы дүр­да­раз айты­стар, қоғам­ның жігі, бітіс­пес дау­лар. Жұрт­тың біра­зы билік­ке мынаған тый­ым сал деп жат­са, билі­гі бүй­ре­гі басқа жаққа бұры­лған «жау­жүрек полк­тар­дың» мар­шын өзі бастап жүреді. Әрине, билік­ті де түсі­ну­ге бола­тын шығар. Бірақ егер сенің еліңді, оның идео­ло­ги­я­сын өзің емес, бөтен ел билеп жат­са, одан артық қан­дай қор­лық бар? Бұл қоға­мға, мем­ле­кет­ке қауіп екенін айт­паған­ның өзін­де, атқа­ру­шы билік­ке, пре­зи­дент Назар­ба­евқа төн­ген қауіп емес пе?

Мем­ле­кет деген дүни­е­лер шене­унік­тер мен әкім­дер­дің құлағы­на жетіп, миы­на сің­бе­се, пре­зи­дент­ке қауіп деп түсін­діріп көрей­ік. Бұның бар­лы­ғы да түп­тің түбін­де мем­ле­кет­тің ыды­рап, жер мен ұлт­тың тұта­сты­ғы­на төн­ген қатер екенін бүгін бар­ша көзі ашық қазақ бала­сы әлдеқа­шан түсін­ген сияқты. Түсін­бей я бол­ма­са түсін­гісі кел­мей оты­рған тек атқа­ру­шы билік қана.

Егер кеше­гі елдің бар­ша түк­пірін­де өткен ресей­шіл-импер­шіл шара­лар­дан сабақ алға­ны­мыз шын бола­тын бол­са, онда алы­сқа созбай, осы жыл ішін­де мей­ра­мға қаты­сты жаңа сая­си және ақпа­рат­тық тұжы­рым­да­ма жасап, бекітіп, оны келесі жыл­дан бастап іске асы­ру керек.

Бұл жаңа сая­си-ақпа­рат­тық тұжы­рым­да­ма төмен­де­гі­дей бөлік­тер­ден тұруы қажет.

Бірін­ші­ден, Қаза­қстан мем­ле­кеті, қазақ қауы­мы «Ұлы Отан соғы­сы» деген сая­си кон­струк­ци­ядан бас тар­туы керек. Дұры­сы, «Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс» деп ата­уы­мыз керек. Себебі шын мәнін­де бұл соғыс 1939 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де Поль­ша­дан баста­лып,  1945 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де Жапо­ни­яда аяқталған.

Қазақ жауын­гер­лері Укра­и­на, Поль­ша, Мол­до­ва, Бал­тық елдерін жау­ла­у­ға, Фин­лян­ди­я­мен соғы­суға қаты­сқан, Жапо­ни­я­ны талқан­дап, Қытай­ды, Моңғо­ли­я­ны азат ету үшін қан төк­кен.

Соғы­стың жақ­сы-жама­ны бол­май­ды. Соғыс ата­у­лы иман мен адам­гер­шілік­ті жоққа шыға­ра­тын ұғым. Әлем бой­ын­ша 60–65 мил­ли­он, КСРО бой­ын­ша 30–35 мил­ли­он адам­ның өмірін қиған зұл­мат соғы­сты той­лап атап өту, арақ ішіп, мас болу адам­гер­шілік­ке де, қаза­қты­ққа да, мұсыл­ман­ды­ққа да жат­пай­ды. Бұл күн­ді «Жеңіс күні» деудің өзі де сая­си және адам­гер­шілік тұрғы­дан қателік. Менің ойым­ша, бұл күн­нің аты келесі жыл­дан бастап «Бірі­гу және аза күні» болып ата­луы тиіс.

Тұжы­рым­да­ма «Бірі­гу және аза күнінің» жаңа талап­та­ры мен тәр­тібін бекітуі тиіс. Бұл күн той той­лай­тын емес, қай­ғы­рып-мұңа­я­тын, ару­ақтар­ды еске ала­тын, жеті шел­пек пісіріп, мешіт­ке барып құран-дұға оқы­та­тын күн­ге айна­луы тиіс. Соғы­стан аман қай­тқан ақсақал­дар­ды, конц­ла­герь тұтқын­да­рын, соғыс арда­гер­лерін қол­дау-қорғау, мара­пат­тау күні болуы тиіс. Және де бұл аза­мат­тарға көр­сетілетін құр­мет пен мара­пат бір­күн­дік емес, жыл бойы көр­сетілуі қажет. Елі­міз­де неба­ры 2000-нан астам соғыс арда­гері қалып­ты. Олар­ды өле-өлген­ше құр­мет­теп, алақа­ны­мы­зға салып, бар­ша жағ­дай­ын жасау біздің ұрпақтық боры­шы­мыз, мін­деті­міз.

Неге «бірі­гу» күні деп отыр­мыз? Он мың­даған қан­да­сы­мы­здың тағ­ды­ры­на қаты­сты жайт бар: ол  – «Түр­кістан леги­о­ны» деген про­бле­ма. Біре­уді сынап-мінеу оңай, бірақ наци­стер­дің тұтқы­ны­на түсіп, конц­ла­герь қор­лы­ғын көру­ден сақ­та­сын.

Түр­кістан леги­о­ны­на түс­кен қаза­қтар­ды сая­си-құқы­қтық тұрғы­дан ақтай­тын кез кел­ді. Олар­дың басым көп­шілі­гі леги­онға амал­сызды­қтан бар­ды, реті кел­ген­дері одан қашып, кеңес әскеріне қосыл­ды, Еуро­па­дағы бар­ша пар­ти­зан­дық және қар­сы­ла­су ұйым­да­ры­ның бел­сен­ді мүше­сі ретін­де нациз­мнің жеңілуіне үлесін қосты, сол үшін шетел­дік награ­да­лар­мен мара­пат­тал­ды. 

Олай бола­тын бол­са, қоғам­да қажет­ті пікір туды­рып, қан­даста­ры­мы­зды бөліп-жар­май, жік­те­мей, ақтау тұрғы­сын­да еңбек­те­нуі­міз де біздің буын­ның пеше­несіне жазы­лған боры­штың бірі.

Соғы­сты тек атыс-шабыс неме­се үлкен гео­са­я­сат тұрғы­сы­нан емес, жеке­ле­ген адам­дар тағ­ды­ры арқы­лы түсініп-білу керек. Әрбір соғы­сқа барған адам – тек ерлік­тің даста­ны ғана емес, үлкен тра­ге­дия, үлкен өмір­лік өне­ге. Соғыс тура­лы шынайы жазы­лған орыс, әлем әде­би­етінің үздік туын­ды­ла­ры, Аста­фьев, Нику­лин, Гросс­ман сияқты ірі сурет­кер­лер­дің соғы­стың көп­шілік біле бер­мей­тін тұста­ры арқау болған кітап­та­ры қазақ тіліне ауда­ры­луы тиіс. Соны­мен қатар бүгін­де Гер­ма­ни­яда, басқа шетел­де КСРО-мен соғы­сқан­дар­дың көп­те­ген тың кітап­та­ры, естелік­тері көп­теп жари­я­ла­ну­да. Солар­ды да қазақ тіліне ауда­рып, бөлек серия етіп шығар­сақ еш артық бол­мас еді.

Екін­ші­ден, осы тұжы­рым­да­ма­ның негізін­де ұлт­тық жады инсти­ту­тын құру керек. «Соғы­стың соңғы сол­да­ты жер­лен­бей­ін­ше, соғыс аяқтал­май­ды» деген қағи­дат бар. Сұм соғы­сқа кет­кен, қаза болған әрбір қазақ жауын­герін есеп­ке алу, сүй­е­гіне түсіп, ару­лап жер­леу мем­ле­кет­тік сая­сат­тың мызғы­мас бөлі­гіне айна­луы тиіс. Қазақ деген азған­тай ғана ұлт. Біздің артық, елге кере­гі жоқ аза­ма­ты­мыз жоқ. Әр қазақ – менің жалғы­зым! Олай бола­тын бол­са, қорға­ныс, сыр­тқы істер, мәде­ни­ет, әле­умет­тік қорғау мини­стр­лік­тері жаңа инсти­тут­тың құры­л­тай­шы­ла­ры болып, оның қар­жы­лық қорын жасақта­уы тиіс.

Ұлт­тық жады инсти­ту­ты­ның мін­дет­тері:

— Қаза­қстан, Ресей, басқа да әлем архив­тері­мен жұмыс істеп, соғы­сқа аттанған, тыл­да тер төк­кен бар­ша аза­мат­тар­дың ашық база­сын жасақтап, 2020 жылға дей­ін, яғни 75 жыл­ды­ққа дей­ін бітіруі шарт;

— Қаза­қстан, Ресей, басқа да әлем елдері­мен бірі­ге оты­рып Қаза­қстан­нан соғы­сқа атта­нып, шей­іт болған аза­мат­тар­дың тізі­мін жасау, олар­дың әрқай­сысы­ның жатқан жерін аны­қтау. Бұл жұмыс соңғы жауын­гер­дің аты мен жер­лен­ген жері аны­қталғанға дей­ін тоқта­май жүруі шарт;

— отан­дық, әлем­дік тарих­шы­лар, архео­лог­тар, бел­сен­ді аза­мат­тар­мен бірі­ге оты­рып іздеу отряд­та­ры жұмысы­на мұрын­дық болу, экс­пе­ди­ци­я­лар ұйым­да­сты­ру, сүй­е­гі табы­лған қазақ жауын­гер­лерінің басын қарай­тып, Қаза­қстан үкі­меті аты­нан арнайы үлгі­де­гі ескерт­кі­ш­тер қой­ып, құран оқы­тып, туған жер­дің топы­рағын жет­кі­зу;

— шетел­де қалып қой­ған, елге ора­ла алмаған, ста­лин­дік неме­се наци­стік лагерь­лер­де қаза болған қазақ жауын­гер­лері тура­лы ізде­ну, мақа­ла жазу, кітап шыға­ру, фильм­дер дай­ын­дау т.б.

    Елі­міз­де­гі қатар­да бар соғыс арда­гер­лерінің, конц­ла­герь тұтқын­да­ры­ның естелік­терін көп­теп жазып алу керек. Өске­лең ұрпаққа сабақ бола­тын, руха­ни азық бола­тын дүни­е­лер­ді арда­гер­лері­міз көп­теп айтып бере ала­ды. Ресей­де, әлем­де «исто­рия повсе­днев­но­сти» деген антро­по­ло­ги­я­лық зерт­те­улер мықты бағы­тқа айна­лып келеді. Біз қай шай­қа­ста қалай жеңдік деген емес, соғыс жыл­да­ры, аштық жыл­да­ры қаза­қтың күн­делік­ті өмірі қан­дай бол­ды, жүріс-тұры­сы, тыныс-толға­ны­сы қалай бол­ды деген бағыт­та көп ізде­нуі­міз керек. Арда­гер­лер­дің ұрпақта­рын – ата-әже естелік­терін видеоға жазуға, айтқан­да­рын қағазға түсіру­ге ынта­лан­ды­руы­мыз керек. Ертең бұл буын кет­кен соң сан соғып қала­мыз. Сол себеп­ті де инсти­тут­тың бір­ден-бір мін­деті осы бағыт­та болуы керек сияқты.

Соны­мен қатар бұл инсти­тут, жал­пы, ХХ ғасыр­да қазақ басы­на түс­кен ең ауыр апат – зұл­мат аштық құр­бан­да­ры­ның тағ­ды­рын зерт­теу, жол­да аты­лып кет­кен, аштан қатып, ауру­дан көз жұмған, көмусіз қалған қан­даста­ры­мы­зды түген­де­умен де айна­лы­суы керек.

Қаза­қстан аза­мат­та­ры өз ата­ла­ры­ның қай­да көз жұмға­нын, қай­да жер­лен­генін білу­ге қақы­лы. Бұл жұмыс есі дұрыс, салиқа­лы, пара­сат­ты, әр ада­мы мен аза­ма­ты­ның бүгіні мен бола­шағын ойлаған мем­ле­кет­тің тіке­лей мін­деті болып табы­ла­ды. Бұл – әрбір жеке­ле­ген адам мен аза­мат­тың құн­ды­лық, қаси­ет екенін паш ететін сая­сат. Тари­хи өне­ге, тари­хи ұлағат осы арқы­лы бүгін­гі сая­са­ты­мы­зға оң ықпа­лын тигі­зеді. Жағ­дайы бар, жол­ды көте­ре ала­тын қазақ бала­сы үрім-бұтағын ертіп, реті кел­ген­де Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс болған жер­лер­ге барып, соғы­стан қайт­паған ата­ла­ры­на құран бағы­штап, зия­рат еткені де үлкен өмір­лік және сая­си сабақ болар еді. Даб­ы­ра­лап лен­та тағып, алаң­ды шаң­датқан­нан артық тір­лік бұл.

Үшін­ші­ден, арда­гер­лер­ге көмек фор­мал­ды түр­де бол­мауы керек. Жылы­на бір рет еске алып, үйіне барып, талқан-тары бер­гені­міз бол­май­ды. Арда­гер­лер­дің саны күн сай­ын азай­ып келеді. Олай бол­са, солар­мен қыз­мет ететін еңбек және әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі­нен арнайы депар­та­мент ашып, әрбір облы­ста солар­мен қоян-қол­тық жұмыс істей­тін әле­умет­тік қыз­мет­кер­лер қосын­да­рын құрға­ны­мыз абзал. Әрбір облыс бой­ын­ша тұрып жатқан арда­гер­лер саны бел­гілі. Мыса­лы, үлкен Алма­ты­ның өзін­де нобайы 300-ге жет­пей­тін соғы­сқа қаты­сқан қария қалып­ты. Сол сияқты әр облы­стағы әле­умет­тік қыз­мет­кер­лер санын да аны­қтап алуға бола­ды. Мыса­лы, 20 арда­гер­ге бір әле­умет­тік қыз­мет­кер деген сияқты. Олар­дың басты мін­деті – арда­гер­лер­дің жағ­дай­ын білу, ада­ми және басқа да қолға­быс, қажет кезін­де ауру­ха­наға жатқы­зып, сана­то­рий­ге жібе­ру. Тіп­ті ада­ми тұрғы­дан хабар­ла­сып, жағ­дай­ын сұра­с­ты­ру да үлкен еңбек­ке тең. Елі­міз­де елге­зек, үлкен­ге құр­мет көр­се­те ала­тын жұмыс­сыз жастар жет­кілік­ті. Бұл – бір жағы, жұмыс орны, екін­ші жағы, нақты әле­умет­тік мәсе­ле­лер­дің шешілуі.

Ерте ме, кеш пе, қазақ қоға­мы ком­му­низм мен ста­ли­низмді қыл­мыстық идео­ло­гия деп табуы мін­дет. Бұл – өткен­мен есеп айы­ры­су, кек алу емес, соны бол­дыр­маудың, қай­та­лат­па­удың шар­ты. Тәу­ел­сіз елі­міз­де ком­му­ни­стік пар­ти­я­лар сот­пен жабы­лып, ком­му­ни­стік сим­вол­дар мен рәміз­дер­ді, ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ны дәріп­теу мен наси­хат­тау  сая­си қыл­мыс деп есеп­те­луі керек. Бәл­кім, бұл бола­шақтың ісі  шығар. Бірақ қоғам болып соның шар­тта­рын жасай бер­гені­міз абзал.

Жас Алаш” 

Facebook Pagelike Widget