“ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН” форумы Никол Пашинянды Армения Республикасының премьер-министрі болып сайлануымен құттықтайды!

Армения Республикасы,
Ереван қаласы,
Армения Премьер-министрі
Никол Пашинянға
“ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН” форумы Сізді Армения Республикасының премьер-министрі болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сонымен бірге біз барша Армения халқын, ұлттық революцияның жеңісімен, елдеріңіздегі оң демократиялық бастамалардың жаңа кезеңге қадам басуымен құттықтаймыз. Соңғы күндері біздің назарымыз да, үмітіміз де Сіздің елде болды.
Барынша бейбіт жолмен, қантөгіссіз революция жасау арқылы армян халқы өзінің даналығы мен көрегенділігін паш етті. Бүгін-ертең билік транзиті жүзеге асуы ықтимал барша постсоветтік елдері үшін Арменияның тәжірибесі ерекше маңызды. Біздің Қазақстан үшін да осы сабақ өте-мөте тағлымды. Әрбір ел өзінің тәуелсіз даму жолын өзі таңдауға құқылы.
Құрметті премьер-министр, жаңа, демократиялық Армения құру ісінде Сізге толағай табыстар тілейміз. Және де әрбір мемлекеттік маңызы бар шешімдер халықтың дауысы мен таңдауы негізінде қабылданады деп сенеміз.
“ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН” форумы Армения Республикасының жаңа, демократия тезінен қайнап шыққан үкіметін сөзсіз қолдайтынын мәлімдейді. Және де екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Арменияның демократиялық күштерімен тығыз қарым-қатынаста болуға ниетті екендігін жеткізеді.
“ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН” форумы, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 8 мамыр 2018 жыл.