БІЗДІҢ МҰРАТЫМЫЗ — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН!

Жаңа Қазақстан” Форумы өзінің Саяси бағдарламасы жобасының тезистерін талқылауға шақырады!

Құр­мет­ті қаза­қстан­ды­қтар!

«Жаңа Қазақстан» Форумы өзінің бағдарламасын қоғаммен кең талқылаулар өткізгеннен кейін ғана қабылдайтын болады. Қазіргі уақыттағы көптеген саяси құжаттардың бір кемшілігі бар: олар аз ғана топпен жасақталып, өмір шындығы мен миллиондаған азаматтарымыздың мәселелерін нақты көрсетпейді. Біз бұл қалыптасқан дәстүрді бұза отырып болашақ саяси бағдарламамыздың тезистерін ашық талқылауға ұсынамыз.

Біз бұл талқы­ла­у­лар­ды БАҚ бет­терін­де, әле­умет­тік желілер­де, түр­лі кон­фе­рен­ци­я­лар мен аймақтар­ды ара­лаған­да жүр­гізу­ге ниет­ті­міз.

Сіз­дер­дің әрбір ескерт­пе­леріңіз бен ұсы­ны­ста­ры­ңы­зға алғы­сы­мы­зды біл­діретін бола­мыз. Осы­лай­ша біз елі­міз­де­гі бар­лық кем­шілік­тер көр­сетіл­ген, қалып­тасқан сая­си-қоғам­дық және әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стан шығу жол­да­ры айқын­далған шынайы, халы­қтық Бағ­дар­ла­ма қабыл­дай ала­мыз!

Өз бағ­дар­ла­ма­сын жүзе­ге асы­ру үшін Форум сай­лау науқа­нын­да билік үшін күрес­ке бел­сен­ді қаты­спақ. Біз бұл жай­лы өзі­міздің жақ­та­ста­ры­мыз бен бәсе­ке­ле­стері­міз­ге ашық жари­я­лай­мыз.

Сая­си Бағ­дар­ла­ма­ның тези­стері

1. Қаза­қстан­ды шынайы демо­кра­ти­я­лық, уни­тар­лы, құқы­қтық, плю­ра­ли­стік, әділет­ті және әле­умет­тік бағыт­тағы мем­ле­кет ретін­де құру.

2. Қаза­қстан Халқын мем­ле­кет­те­гі билік­тің жалғыз қай­нар көзі ста­ту­сы ретін­де бекіту. Жер мен оның бай­лы­ғы Қаза­қстан Халқы­ның толы­қтай мен­ші­гі екенін айқын­дау.

3. Басты бағы­ты Адам мен Аза­мат, оның өмірі, құқы­ғы мен абы­ройы болып табы­ла­тын және бар­лық аза­мат­тар­дың заң алдын­да тең құқы­қтық прин­ци­пін көр­се­тетін жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­дау.

4. Бар­лық демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтарға қар­сы заң тар­мақта­рын өзгер­ту, оның ішін­де БАҚ, Сай­лау, Сая­си Пар­ти­я­лар, Кәсі­по­дақтар және басқа­ла­ры жай­лы заң­дар­ды қоса оты­рып.

5. Билік­тің пре­зи­дент­тік-пар­ла­мент­тік басқа­ру фор­ма­сын билік бөлінісін жүзе­ге асы­ру, мем­ле­кет­те­гі бар­лық сая­си пар­ти­я­лар мен ұйым­дар­дың теңқұқы­қтық бәсе­ке­ле­стік пен жал­пы­қоғам­дық келісі­мін қам­та­ма­сыз ету үшін орна­ту керек. Мем­ле­кет­те­гі Үкі­мет әділ әрі шынайы сай­ла­уда көп дауыс жинаған сая­си пар­ти­я­лар­дан жасақта­луы тиіс.

6. Пар­ла­мент пен Пре­зи­дент­тің ашық, әділ әрі шынайы сай­ла­у­ын өткі­зуді қам­та­ма­сыз ету. Бір тұлға­ның пре­зи­дент­тің мерзім­ді екі мәр­ті­ден артық оты­руы­на бол­май­ды. Мас­ли­хатқа бар­лық дең­гей­де­гі сай­ла­у­лар ара­лас жүйе бой­ын­ша жүзе­ге асуға тиіс, сон­да ғана сая­си пар­ти­я­лар да, пар­ти­яға мүше емес қоғам­дық бел­сен­ді тұлға­лар да бәсе­ке­ле­стік­ке түсе ала­ды.

7. Жеке өмір мен жеке мен­шік­тің, сөз бостан­ды­ғы мен ой еркін­ді­гінің, соны­мен қоса митинг­тер мен шеру­лер­ді өткізу­ге кон­сти­ту­ци­я­лық құқық пен тәу­ел­сіздік негізін­де кепіл­дік берілуі мен қам­та­ма­сыз етілуі.

8. Бар­лық сая­си тұтқын­дар­дың боса­ты­луы мен олар­дың енді­гі таң­да сая­си көзқа­ра­сы үшін қуда­лан­ба­уы. Күштік құры­лым­дар мен арнайы қыз­мет­тер тұта­стай қоғам тара­пы­нан бақы­ла­нып, олар­дың негіз­гі қыз­меті халы­қтық талап­ты басу емес, өздерінің тіке­лей мін­детін атқа­ру – Халық пен Кон­сти­ту­ци­я­ны қорғау болуы керек. Сот­тық-құқы­қтық жүй­е­ге толы­қтай және түбе­гей­лі рефор­ма жаса­лып, оны дето­та­ли­та­ри­за­ция және деком­му­ни­за­ция үрдісі­нен өткі­зу.

9. Қазақ тілінің мем­ле­кет­тік ста­ту­сын бар­лық өмір сала­сы­на жет­кізіп оның Қаза­қстан халқын бірік­тіру­ші рөлін нығай­ту және тари­хи тұрғы­дан осы мем­ле­кет­те тұру­шы өзге этно­стар­дың тіл­дерін дамы­туға жағ­дай жасау. Мем­ле­кет­тік тіл жай­ын­да Жаңа Заң қажет және заң­дық тұрғы­дан мем­ле­кет­тік тіл­ді білу мін­дет­ті маман­ды­қтар тізі­мі бекіті­лу керек.

10. Қоғам­дық сана­дағы деком­му­ни­за­ция, отар­сыздан­ды­ру мен десо­ве­ти­за­ция бағы­тын жүзе­ге асы­ру.

11. Аза­мат­тарға, өсіп келе жатқан жас буы­нға Алаш Орда­ның қаси­ет­ті ойла­ры­нан бастау ала­тын пат­ри­о­тизм мен руха­ни жаңғы­ру сезі­мін сіңір­ту.

12. Қазақ халқы­ның жаңа тарихын­дағы қай­ғы­лы да қасірет­ті бет­тер­ге, Ашар­шы­лық, Жел­тоқ­сан, Жаңаө­зен және тағы басқа­ла­ры­на сая­си және халы­қа­ра­лық тұрғы­дан объ­ек­тив­ті баға беру.

13. Шетел­де­гі бар­лық Қазақ диас­по­ра­ла­ры­ның тари­хи ота­ны­на қай­туға және Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алуға керекті жағ­дай­ды жасау.

14. Мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гі мен Қаза­қстан халқы­ның абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­тіретін бар­лық халы­қа­ра­лық келісім­дер мен шар­ттар­дың, ең бірін­ші кезек­те Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың күшін жою. Қаза­қстан­ның сая­си даму век­то­ры ретін­де Еуро­па­лық Одақ елдері болуға тиіс. Осы­ған сәй­кес біз мем­ле­кеті­міздің Еуро­па­лық Кеңес­ке кіруін қажет деп санай­мыз және Қаза­қстан адам құқы­ғы жөнін­де­гі Еуро­па­лық Сотқа қосы­луы керек.

15. Халы­қа­ра­лық құқық аясын­да тран­сұлт­тық кор­по­ра­ци­я­лар­мен жасалған жер қой­на­уын пай­да­ла­ну тура­лы құжат­тар­ды Қаза­қстан­ның заң­дық мүд­десі тұрғы­сы­нан қай­та қарау. Жаңа Қаза­қстан­да бар­лық шар­ттар ашық болуы тиіс.

16. Қаза­қстан аумағын­да өзге елдің әске­ри база­ла­ры мен поли­гон­да­рын орна­ла­сты­руға тый­ым салу. Рес­пуб­ли­ка­ның халы­қа­ра­лық әске­ри-сая­си блок­тар­дан ада болуын қам­та­ма­сыз ету керек.

17. Сыр­тқы сая­сат­та халы­қа­ра­лық база­лық прин­циптер­ге негіз­дел­ген, өзгенің ішкі сая­са­ты­на ара­лас­пау, аумақтық тұта­сты­ғын құр­мет­теу, теңқұқы­қтық пен өза­ра мүд­де­ге негіз­дел­ген көп­век­тор­лы дипло­ма­ти­яға ора­лу.

18. Көр­шілес мем­ле­кет­тер­мен Орта­лық Ази­ядағы өза­ра сенім, одақ­та­стық пен ұжым­дық қауіп­сіздік шара­ла­рын нығай­ту, сон­дай-ақ Түр­кі әле­мін жаңғыр­ту.

19. Шетел­дік­тер­ге Қаза­қстан жерін алу мен жалға беру­ге тый­ым салу.

20. Эко­ло­ги­я­лық зиян­ды нысан­дар­ды жабу. Олар­ды қай­та түр­лен­ді­ру, соның ішін­де «Бай­қоңыр» ғарыш айлағын шетел­дік әріп­те­стер­мен келі­се оты­рып тех­но­ло­ги­я­лық таза негіз­ге көші­ру. Арал мен Семей аудан­да­ры­ның эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ын оңал­ту.

21. Жемқор­лы­қты әлем­дік тәжіри­бе­ге сүй­ене оты­рып жою, соны­мен қатар мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер мен олар­дың отба­сы­ла­ры­ның шығы­ста­ры мен кірістерінің ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз ету, жемқор­лы­қ­пен ұсталған жан­дар­дың мүл­кін тәр­кілеп, оларға амни­стия қол­дан­бау және өмір бойы мемқыз­мет­ке алмау.

22. Бюд­жет­тік қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­сын мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­мен теңе­сті­ру.

23. Бар­лық шетел­ге заң­сыз шыға­ры­лған қар­жы мен актив­тер­ді елге қай­та­ру.

24. Мем­ле­кет­тік нысан­дар­ды жеке­ше­лен­ді­ру, рей­дер­лік әре­кет­тер бой­ын­ша жемқор­лық келісім­дер­ді әшке­ре­леу, айып­ты­лар­ды жау­а­пқа тар­ту мен кел­тіріл­ген шығын­ды өтеу.

25. Аза­мат­тар­дың зей­не­тақы жинағы­на ешкім­нің қол сұқ­пай­тын­ды­ғы және жинақ иесінің келісі­мі бой­ын­ша қол­да­ну неме­се басқа­ру­дың бола­тын­ды­ғы­на кепіл­дік беру.

26. Аза­мат­тар­дың әле­умет­тік жағ­дайы мен бостан­ды­ғын (айып­пұл­дар мен салы­қтың, зей­нет жасы­ның өсуі және т.б.) нашар­ла­та­тын кез кел­ген нор­ма­тив­ті-құқы­қтық актілер мен заң­дар­дың қабыл­да­уы­на жол бер­меу.

27. Эко­но­ми­ка­ның шикі­заттық бағы­ты­нан бір­тін­деп ғылы­ми өндірістер мен дәстүр­лі шару­а­шы­лы­ққа қарай ығы­су, атап айтқан­да аграр­лық салаға.

28. Әле­умет­тік маңы­зға ие бағыт­тар­ды, ең алды­мен білім мен ден­са­улық сақтау сала­ла­рын Еуро­па мен Сол­түстік Аме­ри­ка­ның алды­ңғы қатар­лы мем­ле­кет­тері дең­гей­ін­де қар­жы­лан­ды­ру. Ана мен бала­ны жан-жақты қол­дау, халы­қтың демо­гра­фи­я­лық өсі­міне жағ­дай жасау.

29. Аза­мат­тар­дың заң­дық мен­шік пен заң­ды кәсіп жүр­гі­зуіне кепіл­дік беру. Кәсіп­тік негіз­ге қолай­лы жағ­дай жасау, КОБ субъ­ек­тілеріне салы­қты азай­ту, бюро­кра­ти­я­лық қысым жаса­уға жол бер­меу.

30. Қаза­қстан­ның ұлт­тық, әске­ри, эко­но­ми­ка­лық, өндірістік, идео­ло­ги­я­лық, ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гін күшей­ту. Соны­мен қатар мем­ле­кет­тік стра­те­ги­я­лық сала­ла­рын­да бақы­ла­у­шы неме­се блок­та­у­шы акция пакет­тері болуы тиіс.

31. Шынайы бел­сен­ді жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру құры­лым­да­рын жасақтау. Жос­пар­лы түр­де ауыл, аудан, кент, қала­лар­дың әкім­дері сай­ла­у­ға көшу.

32. Мем­ле­кет­тің бар­лық аймақта­рын тең қар­жы­лан­ды­ру мен дамы­туға жағ­дай жасау, бір­тін­деп про­пор­ци­я­лық алшақты­қты азай­ту. Арқа­лық, Жезқазған мен Семей­ге қаты­сты тари­хи әділет­тілік­ті қал­пы­на кел­тіріп, бұл аймақты оңал­ту.

33. Біздің қозға­лыс Қаза­қстан­ның ұлт­тық-демо­кра­ти­я­лық қозға­лы­сы­ның дәстүрін жалға­сты­ру­шы болып табы­ла­ды. Біз оппо­зи­ци­я­лық қозға­лы­стар­дың тарихы­нан сабақ алып, алды­ңғы буын­ның қателі­гін қай­та­ла­мауға, біздің жақ­та­ста­ры­мыз бен әріп­те­стері­міз жасақтаған үздік жоба­лар мен баста­ма­лар­ды іске асы­руға ниет­ті­міз.

Өздеріңіздің ескерт­пе, толы­қты­ру және басқа ұсы­ны­ста­ры­ңы­зды мына мекен­жай­ларға жол­да­у­ла­ры­ңы­зға бола­ды:

Біздің сай­ты­мыз: https://janaforum.republican

Элек­трон­дық пошта­та – janaqazaqstanforum@gmail.com

Әле­умет­тік желілер­де­гі «Жаңа Қаза­қстан» Фору­мы» атты топ­тар:

Фейс­бук­те: https://m.facebook.com/—615652562118453/

Твит­тер­де: https://twitter.com/jana_forum

Инста­грам­да: https://instagram.com/forumjanaqazaqstan

Фейс­бук­те­гі ағай­ын осы жер­де талқы­лай беруіне бола­ды!

Facebook Pagelike Widget