fbpx

Жаңа Қазақстан уақыты туды!

Алма­ты­да «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» Фору­мы­ның алға­шқы бас­пасөз мас­ли­ха­ты өтті

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» фору­мы­ның құры­луы тура­лы

МӘЛІМДЕМЕ

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» Фору­мы – қоғам­дық бір­ле­стік жетек­шілері, сая­сат­кер­лер, құқық қорға­у­шы­лар, жур­на­ли­стер, сарап­шы­лар және басқа да сала өкіл­дері­нен құралған бел­сен­ді аза­мат­тар­дың ынты­мақ­та­сты­ғы.

Өзінің құры­луы тура­лы мәлім­дей оты­рып, Форум өз алды­на Ота­ны­мы­здың бола­шағы­на алаң­да­у­лы бар­ша сын­дар­лы күш­тер­ді бірік­ті­ру мақ­са­тын қой­ып отыр. Қаза­қстан сөз­сіз болуға тиіс билік тран­зи­ті мен жаңа­ша Тарихы­мы­здағы пост­со­вет­тік кезеңнің кел­мес­ке кетуі­мен бай­ла­ны­сты үлкен өзгерістер­дің алдын­да тұр. Бұл про­це­стер хаос пен тәр­тіп­сіздік­ке, бере­кесіздік пен бүлік­ке алып келуін ешкім де қала­май­ды. Бірақ, соны­мен бір­ге, ешкім де қай­ыр­шы­лы­қта өмір сүр­гісі кел­мей­ді, әділет­сіздік пен озбыр­лы­ққа төз­гісі кел­мей­ді!

Түп­теп кел­ген­де Қаза­қстан­ның ертең­гі күні қан­дай бол­мақ, ол, ең алды­мен, қоғам­ның өзінің толы­су дең­гейі мен әзір­лі­гіне бай­ла­ны­сты. Шешу­ші сәт­те халық бей­та­рап әрі енжар бақы­ла­у­шы ролін місе тұта бер­мей, керісін­ше, өз тағ­ды­рын өз қолы­на алдып, сая­сат­тың бел­сен­ді субъ­ек­тіне айна­луы тиіс. Мұра­гер­дің жоға­ры жақтан тағай­ын­да­лып, ескі сая­сат­ты жалға­сты­ра беруі­мен халық ешбір жағ­дай­да келі­се алмай­ты­ны өзі­нен өзі түсінік­ті.

Бүгін­гі билік бар­лық сала­да өзінің дәр­мен­сізді­гін таны­тқа­нын мой­ын­да­уы­мыз керек. Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да бір де бір мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма жөн­ді орын­дал­ма­ды. Рес­пуб­ли­ка билік өзі уәде еткен­дей «екін­ші Кувейт­ке» айна­ла қой­ма­ды, керісін­ше, өмір сапа­сы жөні­нен Афри­ка­ның ең кедей елдері қата­ры­нан бір-ақ шықты. Бай болуға тиіс мем­ле­кеті­міз масқа­ра мен құл­ды­ра­удың әлем­дік рей­тинг­терін­де жемқор­лық, өзіне өзі қол жұм­сау мен түр­ме­де­гі адам саны, жол апат­та­рын­дағы өлім, поли­цей, шене­унік, оли­гарх­тар­дың жан басы­на шаққан­дағы саны, сыр­тқы қарыз, халы­қтың жап­пай «неси­е­ле­нуі» және басқа көр­сет­кі­ш­тер бой­ын­ша көш бастап тұр.

Билік­тің жетістік­тері мен табыст­а­ры тура­лы есеп­терінің жалған екенін эко­но­ми­ка­ның күй­ре­уі, азып-тозған ауыл мен қала­лар, быт-шыт болған жол­дар, құл­ды­раған ком­му­нал­дық шару­а­шы­лы­ққа қарап, біле беру­ге бола­ды. Басқа мем­ле­кет­тер мен шетел ком­па­ни­я­ла­ры­мен тиім­сіз келісім-шар­ттарға қол қой­ып, Қаза­қстан қары­зға бел­ше­сі­нен бат­ты. Асқан жау­ап­кер­шіліксіз, халы­қтық бақы­ла­удан тыс шен­ділер­дің қимыл-әре­кеті мем­ле­кет­тің алтын-валю­та­лық резерв­терінің, Ұлт­тық және Зей­нет қор­ла­ры­ның сарқы­луы­на әкеп соқтыр­ды. Көзі ашық, білім­ді, қабілет­ті жастар­дың эми­гра­ци­я­сы, басқа­ша айтқан­да, Қаза­қстан­нан қашуы қауіп­ті қарқы­нға ие бол­ды.

Қор­шаған ортаға деген жыр­тқы­штық көзқа­рас шары­қтау шегіне жет­ті. Көз­сіз пай­дақұ­мар­лық Қаза­қстан­ды эко­ло­ги­я­лық апат аумағы­на айнал­дыр­ды. Адам­дар­дың ден­са­улы­ғы мен ұлт­тың ген­дік қоры­на орас­ан зор әрі орны тол­мас нұқ­сан келіп жатыр.

27 жылғы Тәу­ел­сіздік бер­ген бар мүм­кін­дік­ті біз ұтым­ды пай­да­ла­на алма­дық. Керісін­ше, біз 90-шы жыл­дар­дың басын­да қазір­гі билік­тің бас­шы­лы­ққа келуіне негіз болған демо­кра­тия мен бостан­ды­қтың, пікір алу­ан­ды­ғы мен теңдік­тің түп­кі прин­циптері­нен бір­жо­ла­та қол үздік. Оның орны­на біз бала­ма ой біл­діру­шілер­ге қысым көр­се­ту, адам мен аза­мат­тар­дың қара­пай­ым құқы­қта­ры­ның шек­те­луі, сот­тар­дың әділет­сізді­гі, өз аза­мат­та­ры­на қар­сы қуғын-сүр­гін секіл­ді масқа­ра құбы­лы­стар­дың куәсі болып отыр­мыз. Шаңы­рақ, Бақай, Жаңаө­зен­де­гі тра­ге­ди­я­лар, аза­мат­тық бел­сен­ділер мен қоғам қай­рат­кер­лері үсті­нен жүр­гізіл­ген масқа­ра сот­тар, оппо­зи­ци­я­лық қозға­лы­стар мен пар­ти­я­лар­дың жой­ы­луы, билік­ке сын айтуға дәті барған ондаған газет, жур­нал, сайт­тар­дың жабы­луы – осы­ның көз­ге ұрып тұрған нақты айғағы.

Қоғам­ды енжар­лық пен шар­шау жай­ла­ды. Даңға­за той­шыл­дық пен жалған ста­ти­сти­ка, мегажо­бақұ­мар­лық пен шалағай қия­л­шыл­дық халы­қтың ашу-ыза­сын туды­ру­да. Мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар қоғам сені­мі­нен жұр­дай. Халы­қтың нара­зы­лық әле­уеті күрт артып, ұйы­қтап жатқан ары­стан оянып, қар­сы­лық бел­сен­ді фор­ма­ларға көшіп жатыр.

Шын мәнін­де бүгін­де билік­тің өзі либе­рал­ды сая­си және эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар­дың басты теже­гі­шіне, бір­ден бір кедер­гісіне айна­лып отыр. Тарих сый­ға тар­тқан қай­та­лан­бас мүм­кін­дік­тен айры­лға­лы тұр­мыз. Сон­ды­қтан, өрке­ни­ет­тің зама­на­уи көші­нен кей­ін қалып қой­мау үшін қоғам­ның өзі түбе­гей­лі өзгеріп, бой­ын жинап алуы тиіс. Бұдан арғы әре­кет­сіздік пен бәрін де басқа біреу шешіп тастай­ды деген­ге сену­шілік – апатқа апа­ра­тын жол!

Біз сапа­лық жағы­нан мүл­дем жаңа – дем­ко­кра­ти­я­лық, әділет­ті, раци­о­нал­ды және жау­ап­ты – қоғам құрғы­мыз келеді, сон­ды­қтан да өзі­мізді «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» Фору­мы деп атап отыр­мыз. Аза­мат­тық қоғам мен жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орны­қ­пай, заң үстем­ді­гі сал­та­нат құр­май, билік тар­мақта­ры­ның ара-жігі бөлін­бей, тәу­ел­сіз БАҚ еркін қимыл-әре­кет жаса­май ешқан­дай да алға ілге­ру­шілік пен қары­шты даму мүм­кін емес екенін бар­ша әлем түсін­гелі қашан.

Біз аза­мат­тық қоғам­ның дауы­сын, ойы мен ұста­ны­мын бар­шаға жет­кі­зу үшін жинал­дық. Біз Ота­ны­мы­здың бола­шағы үшін жау­ап­кер­шілік­ті өз мой­ны­мы­зға алуға әзір екен­ді­гі­мізді мәлім­дей­міз! Біз аза­мат­тар­дың қол­да­уы мен бел­сен­ді атса­лы­суы­ның арқа­сын­да Форум толы­ққан­ды қозға­лыс не пар­ти­яға айна­ла­ты­ны­на сенім­ді­міз.

Қазір­гі Ата Заң зама­на­уи талап­тарға сай емес екен­ді­гін түсіне оты­рып, біз жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы тура­лы баста­ма көте­ре­міз, ол құжат билік пен ұлт­тық бай­лы­ғы­мы­зды олар­дың бір­ден бір қай­нар көзі мен қожай­ы­ны – Қаза­қстан халқы­ның қолы­на қай­та­рып береді.

Осы мақ­сатқа қол жет­кі­зу жолын­да Форум «Сай­лау тура­лы», «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы», «Қоғам­дық бір­ле­стік­тер тура­лы», «Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру және әкім­дер­ді сай­лау тура­лы», «Сөз бостан­ды­ғы тура­лы» және басқа да жаңа заң­дар­ды әзір­леу жұмысын бір­ле­се әрі нәти­желі түр­де жүр­гі­зу үшін қоғам­дық интел­лек­ту­ал­дық алаң болуға дай­ын. Мұның бәрі – халқы­мыз өз тағ­ды­ры­на сана­лы түр­де таң­дау жасай ала­тын Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­дағы тұңғыш рет орын алмақ ашық, еркін және демо­кра­ти­я­лық сай­лау өткізу­ге мүм­кін­дік беретін алғы­шар­ттар.

Елі­міз орын­сыз созы­лып кет­кен део­тар­лан­ды­ру, дето­та­ли­тар­ла­ну және деком­му­ни­сте­ну про­цесін аяқтау тиіс. Біз ұлты­мы­здың басы­нан өткен аса тра­ге­ди­я­лы кезең­дер — жап­пай сая­си қуғын-сүр­гін мен Ашар­шы­лы­ққа — сая­си баға беруі­міз керек. Біз мем­ле­кет­тіл­дің өркен­деп, қанат жаюы мен қаза­қтар­дың ата­жұр­ты­на қай­тып ора­луы­на бар­лық жағ­дай жаса­уы­мыз қажет, өйт­пе­сек біздің Тәу­ел­сізді­гі­міз­ден не пай­да?

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» Фору­мы Отан бола­шағы­на бей-жай қарай алмай­тын, бел­сен­ді, намысты әрі жау­ап­ты аза­мат­тар­дың басын қосып, бірік­тір­мек­ші.

ЖАҢА ҚАЗА­ҚСТАН-ның уақы­ты туды!

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» Фору­мы, 17 мамыр 2018 жыл