Тұтқындалған азаматтар дереу босатылсын!
10 мамыр күні таңертеңнен бастап Астана мен мен Алматы қалаларында өзінің құқын пайдаланып, сөз бен ой еркіндігін білдіргені үшін бірқатар азаматтық белсенділер тұтқындалды. Бұл жағдай адамның меншікті құқының және Конституцияның өрескел бұзылуы болып табылады.
Қалыптасқан жағдайда биліктің екі жақты стандарты алаңдаушылық туғызады. Себебі күні кеше ғана жер-жерде мыңдаған адамның санкцияланған шерулері мен митингтері өтті. Алайда дәл бүгін, халықтың дәл сондай ықыласына тосқауыл қойылып, азаматтар қудалауға ұшырауда. Қалыптасқан жағдай қоғам ішіне іріткі салып, заң алдындағы адам теңдігі қағидасын жоққа шығарады.

Біз биліктен өз ойы мен пікірін бейбіт түрде білдіріп жатқан адамдарды қудалауды доғарып, Қазақстан Республикасының заңсыз тұтқындалған барша азаматтарын босатуды талап етеміз!
10 мамыр 2018 жыл