fbpx

Жаңа қазақ ұлттық қозғалысының принциптері

Бүгін­де қазақ ұлт­шыл­да­ры қай­та­дан бір-бірі­мен қырқы­сып, ішкі және сыр­тқы жаудың бар­лы­ғын жай­ра­тып тастап, өз-өзі­мен есеп айы­ры­сқы­сы келетіндей.Майда-шүйде әңгі­ме­лер­ді сөз етіп, бір-біріне мін тағып, «менікі дұрыс, мені тың­да­маған­ның бар­лы­ғы қазақ емес, қазақ жауы» деген сыңай­дағы әңгі­ме­лер көбе­ю­де. «Мен ғана оппо­зи­ци­я­мын, қалған­да­ры билік­тің жан­сызы» деген дүни­е­лер көбей­іп кет­ті. Ұлт­шыл­дар ара­сын­да «мен ғана қазақ мүд­десін қол­дап-қорғап жүр­мін, мені мой­ын­да­маған­дар «бан­да­лы­ң­дар» деген напо­леон­шыл­дық көзқа­рас­тар көбей­іп келе жатқан­дай. Мұн­дай жағ­дай­дың жақ­сы­лы­ққа апар­май­ты­ны бел­гілі. Жақ­сы­лы­ққа апар­мақ түгіл, мұн­дай жағ­дай осы кез­ге дей­ін қазақ ұлт­шыл­ды­ғы, қазақ ұлт­шыл­да­ры мой­ын­датқан ақиқат­тар­дан, басып алған биік­тік­тер­ден, айта-айта көн­дір­ген ком­про­ми­стер­ден, қаса­ры­са-қаса­ры­са жасасқан шар­ттар­дан айы­ры­лып, кей­ін шегі­ну, тай­шақтау, кеше­уіл­деу қау­пі алдын­да тұр. Егер бүгін­гі кей­бір ағай­ын­да­ры­мы­здың бой­ын­дағы көсем­сы­мақтық, ұшы-қиы­ры жоқ ман­са­пқұ­мар­лық, атаққұ­мар­лық жалға­са беретін бол­са, онда тағы да ұты­ла­мыз, тағы онсыз да  тари­хи аз уақы­ты­мы­зды жоғал­тып ала­мыз. Қаза­ққа жау көп, сол жаудың жұмысы мен жүгін жеңіл­де­тудің еш қисы­ны жоқ. Билік­ке жет­пей, пар­ла­мент­ке кір­мей, пар­тия құра алмай жатып жасап жатқа­ны­мыз осы бол­са, жетіс­кен екен­біз…

Егер жоға­ры­да айты­лған мәсе­ле­лер орын­ды, қазақ ішін­де осын­дай тренд­тер мен тен­ден­ци­я­лар жүріп жатыр деген­ді мой­ын­даған бол­саңыз, онда мықтап ойла­ну, жағ­дай­ды түсініп-түй­сі­ну, мәміле­ге келіп, тір­лік­теу-тір­шілік­теу, әре­кет ету жағы­на көш­кені­міз дұрыс сияқты. Өз басым ойла­на келе, қазақ ұлт­шыл­ды­ғы­на қаты­сты төмен­де­гі­дей тези­стер мен ойлар­ды ортаға салып, шынайы, ашық талқы өткі­зу қажет деп тауып отыр­мын. Ұлт ісін­де май­да-шүй­де деген бол­май­ды десек те, біз­ге қажет­тісі прин­циптер, стра­те­гия мен так­ти­ка тура­сын­да ірі-ірі, кесек-кесек дүни­е­лер бой­ын­ша келісім­ге келу керек деп санай­мын.

  1. Қазақ ұлт­шы­лы кім­дер?

Бәрі­міздің жаны­мыз қазақ, жүре­гі­міз қазақ, қазақ болып тудық, қазақ болып өлуі­міз шарт. Бәрі­міздің қаза­ққа жаны­мыз аши­ды, бәрі­міз де қаза­ққа бол­сын дей­міз. Бәрі­міздің де илеп жүр­гені­міз бір терінің пұшпағы.

Қазақ ұлт­шы­лы деп қазақ игілі­гіне қолы­нан кел­ген­ше қыз­мет етіп, ұлт үшін тер төгіп жүр­ген­нің бар­лы­ғы да ұлт­шыл. Ұлт­шыл­дық пар­ти­яға, қыз­мет­ке, ман­са­пқа, орын­таққа бай­ла­ны­сты емес. Ұлт­шыл­дық қаза­қы ойға, санаға, мінез­ге, білім­ге, сөз­ге, іске, әре­кет­ке бай­ла­ны­сты. Билік­те жүріп те ұлт­шыл болуға бола­ды, ол үшін жұмысты адал жасап, ұлт­тың нәпақа­сын ұрлап, ұлт­тың намысын аяққа жық­па­саң жетіп жатыр. Ал істеп жатқан ісің қазақ мүд­десіне қыз­мет етсе, пай­да алып кел­се, ұлт ұпай­ын түген­десе тіп­ті кере­мет.

Қазақ ұлт­шы­лы – сай­лан­ба­лы қыз­мет, тағай­ын­дал­ма­лы жұмыс, ата­дан балаға қалған кәсіп, ғылы­ми атақ неме­се сал­пын­шақ емес. Қазақ ұлт­шыл­ды­ғы – прин­ципті пози­ция, ұста­ным, ойлау жүй­есі, өмір­лік кре­до, ада­ми, аза­мат­тық таң­дау, тұлға­лық бол­мыс. Мынау «нағыз қазақ ұлт­шы­лы», «ал мынау тоқал­дан туған мәң­гүрт» деп атақ тара­та­тын коми­тет пен комис­сия жоқ. Оның болуы мүм­кін де емес.

Әр адам өзіне-өзі би, өзі төре, әр адам өз сөзі мен ісі үшін ең алды­мен өзінің ары алдын­да жау­ап береді, қыл­мыс жаса­са – заң алдын­да, қия­нат жаса­са  Жара­ту­шы алды­на барған­да жау­а­бын береді. Ешкім де пай­ғам­бар емес, пай­ғам­бар­дың үмбеті емес. Қазақ ара­сын­дағы шын сай­ла­уда жеңіп, «қаза­қтың нағыз көсе­мі» деген атақты ешкім жау­лап алған емес.

Мынау «қаза­қтың досы», ал анау «қаза­қтың жауы» деген­ді аны­қтай­тын адам емес – уақыт пен тарих. Ешкім­нің де «қазақ болу», «ұлт­шыл атау» тұрғы­сы­нан моно­по­ли­я­сы жоқ, болуы мүм­кін де емес. Шын­дық пен ақиқатқа да ешкім моно­по­лия орна­та алмай­ды. Қан­ша адам бол­са, сон­ша­ма пікір болуы ықти­мал. Сенің сөзің мен ісіңнің «дұрыс» неме­се «бұрыс» болуы бәсе­ке­ге қабілет­ті­гіңе қаты­сты. Сені екі адам қол­да­са да ұлт­шыл болуың мүм­кін, мил­ли­он­дар аузы­ңа тел­міріп қарап, әрбір сөзіңе табы­нып отыр­са да ұлт­шыл болуың мүм­кін. Сая­сат­пен айна­лы­сқан­дар көп­шілік­тің соңы­нан еруі заң­ды, бірақ көп­шілік те қате­лесіп жата­ты­нын ұмыт­паға­ны абзал. Бірақ «жұрт бүгін­шіл, менікі ертең­гі үшін» деп, жалғыз өзі қалып, қаса­ры­сып тұра­тын­дар­ды да қазақ ара­сы­на сый­ғы­за ала­тын мәде­ни­ет қалып­та­сты­руы­мыз керек. Себебі ұлт көсе­мі, қаза­қ­шыл­ды­қтың абы­зы атанған Шәкәрім қажы өзін «Мұты­лған» атап, жапан дала­да жалғыз қалға­нын да ұмыт­па­лық.

  1. Ұлт­шыл­дар мен билік, бүгін­гі сая­си режим.

Ұлт­шыл ата­ну үшін, ұлт­шыл болу үшін мін­дет­ті түр­де пре­зи­дент Назар­ба­евқа қар­сы шығып, оны қара­лап, тақтан құла­ту парыз емес. Қазақ, қазақ ұлты пре­зи­дент Назар­ба­евқа дей­ін де бол­ды, кей­ін де бола­ды. Мәң­гілік бол­ма­са да, мың­даған жыл болға­нын қалай­мыз. Ұлт ісін, ұлт мұра­тын бір ада­мға бай­лап қоя­тын шексіз уақы­ты­мыз жоқ. Қол­дан кел­ген, ар-намысы­мыз, ақыл-ойы­мыз, пай­ым-пара­са­ты­мыз, мінез-құлқы­мыз жет­кен нәр­сені билік­тен тыс та, билік­пен бірі­гіп те жасай беру­ге бола­ды. Ұлт­шыл­дық сая­си билік мәсе­лесі ғана емес.

Жақ­сы бол­сын, жаман бол­сын бүгін­гі билік – қазақ билі­гі, бәл­кім, пост­со­вет­тік қазақ билі­гі, өтпе­лі кезең­де­гі пост­ком­му­ни­стік қазақ билі­гі. Кере­мет десек те қазақ билі­гі, жауыз-сатқын деп сынап-шене­сек те қазақ билі­гі. Әзір­ге басқа билік жоқ. Бүгін­гі билік Мар­стан келіп қон­жиған неме­се окку­па­ци­я­лық режим сай­лаған билік емес. Дәл ертең шынайы, әділ сай­лау жари­я­ла­на қал­са, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың 97 пай­ыз емес шығар, бірақ емін-еркін 55–60 пай­ыз дауы­сқа ие бола ала­ты­ны­на сене­мін. Оны төң­керіп тастап, орны­на қон­жия қала­тын ұлт­шыл­дар­дың қауқа­ры, пәр­мені, қата­ры мен пар­ти­я­сы әзір­ге жоқ. Бол­са, ешкім дау­ла­сып, бірін-бірі жау деп отыр­мас еді. Үнде­мей-ақ ала­тын билі­гін алар еді.

Егер билік шек­тен шығып жат­са, қия­нат жасап жат­са оны айту парыз, ақты – ақ, қара­ны – қара деу  борыш. Жазы­қ­сыз айып­та­лып, қуғын­да­лып жатқан бар­ша аза­матқа ара­ша болу – мін­дет. Алай­да айқай­лап, қарғап-сіле­ген­дікі, талақ айтқан­ды­кі ғана дұрыс деген сөз емес. Бар­лық мәсе­ле түбе­гей­лі мақ­сатқа бай­ла­ны­сты. Егер мақ­сат айқын бол­са, оған жететін жол­дар­дың саны шексіз болуы ықти­мал. Егер мақ­сатқа жету үшін билік­пен келіс­сөз жасау керек бол­са, оған да бару керек. Егер күшің бол­са, билік өзі-ақ келер еді. Бірақ күшің мен пәр­менің жоқ бол­са, билік саған жолай ма? Билік­ке күнің қара­ды ма, оны­мен де жұмыс істей білу керек. Ком­про­мисс, мәмі­ле дегені­міз «маған төрт аяқтап келіп, тілің­мен еденім­ді жалап кет» деген сөз емес.

Билік­ке талап қой­саң, шарт қой­саң, оны істе­тудің екі жолы бар: а) талап етіп, күш­теп істет­кі­зу; б) талап етіп, ақыл-оймен дәлел­деп, көн­ді­ру. Дәл қазір күш­теп көн­дірудің лажы мен реті шама­лы. Күт­тір­мей­тін мәсе­ле­лер­ді шешу үшін амал­сыз екін­ші жол­ды таң­дау керек болып жата­ды. Онда тиісті мәде­ни­ет пен әдеп­ті сақтау қажет. Билік­ке күні-түні лағы­нет айтып, қарғап-сілеп жат­саң, жұрт көзін­ше күшеніп-тыша­нып «ұры-қары», «сатқын ит» деп, жеме-жем­ге кел­ген­де есік тыр­на­лап, мысы­қ­ша мия­у­лап жүр­генің­нен не пай­да, не қай­ыр? Бұл ұна­май ма, онда тіресіп-сіресіп тұра бер! Бірақ ұлт жұмысын істеп жүр­ген­ге, қазақ деп тыры­сып-тыр­мысып жүр­ген­дер­ге де кедер­гі жаса­ма! Көзіне, бетіне айт, бірақ жұрт көзін­ше бет жыр­ты­спа! Өзгені түсініп көр, түсінісіп көр, өзіңді соның орны­на қой­ып көр, ал қарғап-сілеп, лағы­нет айту, бітіс­пес жиһад жари­я­лау үшін асқан ақыл­дың кере­гі жоқ.

  1. Ұлт­шыл­дар мен «оппо­зи­ция».

Шынын айту керек, қазақ ішін­де ең көп қор­лық пен қия­нат көр­ген, көрін­ген­нің теп­кісі мен зор­лық-зомбы­лы­ғын көтер­ген бір ұғым бол­са, ол – «оппо­зи­ция» деген ұғым. Соған қара­ма­стан, біре­улер бастық болам, билік болам, тен­дер­ге түсем деп тала­сып жат­са, енді біре­улер «мен оппо­зи­ция болам», «жай, анау-мынау оппо­зи­ция емес, нағыз оппо­зи­ция болам» деп тала­сып жатыр. Бір қызы­ғы, соңғы­лар­дың тала­сы билік пен бақ үшін таласқан­дар­дың тала­сы мен айты­сы­нан асып түсіп жатыр.  «Пішту!» дей­тін бе еді апа-жең­ге­лері­міз?

Егер, шыным­ды айтай­ын, «нағыз оппо­зи­ция» деген­дері бүгін­гі  Әбля­зов деген ұры­ның артын­да жүр­ген­дер ғана бол­са, онда мені «оппо­зи­ция» қата­ры­на қос­пай-ақ қой­ы­ңы­здар­шы! Олай бол­са мен «оппо­зи­ция» емес­пін, көр­ме­генім осы «оппо­зи­ция» бол­сын. Мен өзім­ді қазақ ұлт­шы­лы санай­мын. Билік­ті сына­сам да қазақ ұлт­шы­лы­мын, билік­пен қоян-қол­тық жұмыс істе­сем де қазақ ұлт­шы­лы­мын.

Деген­мен «оппо­зи­ция» деген ұғым деваль­ва­ци­я­ла­нып кет­се де, ұсақта­лып-май­да­ла­нып кет­се де, елге тыр­нақ­ша­сыз оппо­зи­ция ауа­дай қажет. Егер ешкім басқа бір сөз неме­се ұғым ойлап тап­са, соны қол­да­най­ық бол­ма­са оппо­зи­ция болып қала бер­сін. Бірақ біз­ге қан­дай оппо­зи­ция керек? Мәсе­ле осын­да! «Оппо­зи­ция» ұғы­мы, бір­деңе түсін­сем, «пози­ция» деген сөз­ден бастау ала­ды. Яғни ұста­ным. Біз­де­гі оппо­зи­ция көбіне-көп «доп-пози­ция», «топ-пози­ция» неме­се сай­қы­ма­зақ «құп-пози­ция» болып кетіп жатыр.

Ой ізде­удің орны­на жесір қатын­ша ер іздеп жата­мыз. Біз­де­гі оппо­зи­ция көбі­не­се бір адам көлең­кесіне бірік­кен оппо­зи­ция. Адам­ды алды­мен Құдай дәре­же­сіне көтеріп, соңы­нан құл екеш құл деп сана­май­тын, құр­мет­те­мей­тін оппо­зи­ция болып кел­ді. Ал біз­ге кере­гі – ой, сана, пара­сат, ұста­ным, идея айна­ла­сы­на, төңіре­гіне бірік­кен оппо­зи­ция. Адам алда­уы, алда­нуы, шата­суы, шата­сты­руы мүм­кін, ерің ез болып, көсе­мің көжек болып кетуі мүм­кін. Шынайы идея, шынайы идео­ло­гия, рухи, руха­ни негізі бар, тарих­пен тамыр­ласқан, зама­ны­на сай идея ада­стыр­май­ды. Сон­ды­қтан да адам­ды емес, иде­я­ны таң­даған дұрыс деп санай­мын.

  1. Ұлт­шыл­дар­дың ең үлкен кем­шілі­гі мен қателі­гі.

Қаза­қты, оның ішін­де қазақ оппо­зи­ци­я­сын құр­тқан бір нәр­се бол­са, ол – көсем­шіл­дік, жеке басқа табы­ну. Айтыс пен тар­ты­сқа кел­ген­нің бәрі, сая­сатқа ара­ласқан­ның бар­лы­ғы дер­лік өзін «көсем­мін» деп санап, өзгені мой­ын­да­мауы­нан бастау алған тір­лік талай пар­ти­я­ның, қозға­лы­стың, жақ­сы үрдістің, тың шару­а­ның, ізгілік­ті істің басын жұт­ты, аяқ­сыз қал­дыр­ды. Өзінің жүре­гін­де­гі ұлт­шыл­ды­қты емес, ұлт­шыл­дық ішін­де­гі өзін ғана жақ­сы көретін, өзі­нен көлең­кесі үлкен, қазақ ісіне емес, өзіне-өзі табы­нған­дар­дан көр­ген қор­лық пен қия­нат­ты қаза­ққа жоңғар ата­у­лы да жасай алмаған.

Қаза­қтың екі кем­шілі­гі бар: қинал­са өзі тір­лік­те­мей­ді, әре­кет жаса­май­ды, қиял-ғажай­ып ерте­гі­де­гі­дей батыр іздей­ді, бірақ қалаған баты­ры көңілі­нен шық­па­са қарғап-сілеп, келесі бір батыр­ды іздеп кете­ді; соны­мен қой­май, қаза­қтың бар­лы­ғы дер­лік – жеке батыр. Бокс пен күре­стен жеңе алар­мыз, шах­мат пен дой­бы­ны қаты­рар­мыз, кәр­ті мен ләң­гіні жай­ра­та­мыз, бірақ коман­да­лық ойы­нға жоқ­пыз.

Ал бүгін­гінің басты тала­бы – коман­да­лық ойын, коман­да ішін­де ойнай білу. Ал коман­да болу­дың шар­ты: өзгені сый­лау-құр­мет­теу, шынай­ы­лық-шын­шыл­дық, өза­ра сенім мен өза­ра жау­ап­кер­шілік, ком­про­мис­ке келе білу, өз амби­ци­яң­ды ортақ іс үшін тыя, шеге­ре білу, қабыл­данған ойын ере­же­сін сақтап, жеңіліс пен қателік­ті мой­ын­дай білу. Жаңа дәуір­де­гі қазақ ұлт­шыл­да­ры қашан­да осы­дан сүрін­ген. Осы себеп­ті де мүд­десі мен мұра­тын түсіне біл­ген билік­тен 10–0 болып ұты­ла бер­ген. Енді­гі­де жеңіс­ке жет­кісі кел­се, коман­да болып ойна­уды үйре­нуі керек. Коман­да­да жүр­ген адам үшін кере­гі – арқа­дағы нөмір емес, кеуде­де­гі эмбле­ма. Біз­ге кере­гі – аты­мы­здың шыққа­ны емес, Көк тудың желбіре­гені. Білек­ті батыр бір­ді жыға­ды, онды жығар, ал білім­ді, бір­лі­гі жарасқан білек­ті батыр­лар коман­да­сы зама­нын өзгер­те­ді.

Бұл ортақ іс үшін қажет­ті алғы­шарт, прин­циптер жөнін­де. Газет­тің келесі санын­да стра­те­гия мен так­ти­ка жөнін­де әңгі­ме қозғай­мыз.

Айдос Сарым, сая­сат­та­ну­шы

Жас Алаш”