Сұлтан Хан Аққұлы. Ұят-ай!



Abai.kz ақпараттық порталының электронды поштасына белгілі алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлының “Ұят-ай!” деген мақаласы келіп түсті. Мақалада Сұлтан Хан Аққұлы ғалым Мәмбет Қойгелді жетекшілік етіп, журналист Болат Мүрсәлім түсірген «Алаш туы астында» атты деректі фильмде айтылатын “Жарияланбаған автономия” туралы пікірге қарсылық білдіреді. Біз осы материалдың бір әрпін де өзгертпей оқырман назарына ұсынуды жөн санадық. Қарсы тараптың айтар уәжі болса, оларға да мінбер беретінімізді ескертеміз.

Abai.kz ақпа­рат­тық пор­та­лы

«Декәбір­дің 12-сі күні түс ауа сағат 3-те

дүни­е­ге Алаш авто­но­ми­я­сы келіп,

азан шақы­ры­лып ат қой­ыл­ды».

Ә. Ермекұ­лы.

1914 жылы бірі редак­то­ры, екін­шісі оның оң қолы болып шыға­рып жатқан «Қазақ» газетін­де­гі бір мақа­ла үшін отар­шыл билік­тің А. Бай­тұр­сы­нұ­лы мен М. Дулатұлын түр­ме­ге жапқа­нын Самар­да эми­гра­ци­яда жүріп біл­ген Алты Алаш көсе­мі Ә.Н. Бөкей­хан газет­ке «Ұят-ай!» деген айдар­мен мақа­ла жари­я­ла­ды. Мақа­ла­да ол: «Оры­сқа газе­та, жур­нал шыға­рып жол ашқан А.Н. Ради­шов (Ради­щев) абақты­ға жабы­лып, 10 жыл Сібір­ге айдалған. Осы Ради­шов заман­да­сы, тағы оры­сқа газе­та, жур­нал шыға­рып Еуро­па жолын ашқан Н.И. Нови­ков Шлис­сель­бург деген зор қиын абақты­да 15 жыл оты­рған. Бауы­рым Ахмет, Миряқуб!! Сен еке­уіңнің абақтың Ради­шев пен Нови­ков абақты­сы… Шырақта­рым, сен­дер­ді міне­ген­де осы­лар­мен бір салып міне­се, не арман­да­рың бар!» — деп екі адал үзең­гілесін рух­тан­ды­ра­ды, жұба­та­ды.

Ал мақа­ла­сын неге «Ұят-ай!» деп атаған себебін ол былай түсін­діреді: «Осы ХХ ғ. басын­да үкі­мет мұжы­ққа дүре салу­ды жол қылып шығар­мақ болған­да, адам бала­сы­нан озған, күн жоғал­ма­са аты жоғал­май­тын Леб Нико­лае­биш Тол­стой «Рус­ские бедо­мо­сти» газе­та­сы­на хат жазып жария қыл­ды. Сол Тол­стой жазған хат­тың аты «Ұят» еді. Осы хат атын өзге сөз­ге аудар­сақ, мағы­на­сы мынау: «Біз адам емес пе едік, ұят біздің бел­гі­міз емес пе еді? Осы жалғыз бел­гі­ден айры­лып, ана төрт аяғы­на сиы­нған ата­ла­ры­мы­здың аулы­на қай­тқа­ны­мыз ба?» (Қыр бала­сы. Ұят-ай! //«Қазақ», 1914.16.03, № 54. Орын­бор. – 4 б.).

Бүгін­гі қазақ ұлты мен оның зама­на­уи мәде­ни­етін қалып­та­сты­рған, қазір­гі Қазақ мем­ле­кетінің ірге­та­сын қалап, шека­ра­сын аны­қтап, шеге­леп кет­кен Алаш Авто­но­ми­я­сын «Жари­я­лан­баған Ауто­но­мия» деп жер­ден жеті қоян тапқан­дай алақай­ла­у­мен шек­тел­мей, деректі фильм түсіріп көгіл­дір экранға шығарға­нын көр­ген­де Ә.Н. Бөкей­хан­ның осы мақа­ла­сы еріксіз есі­ме түс­кені.

Оған қоса Алаш Авто­но­ми­я­сы­на арналған жиын-кон­фе­рен­ци­я­лар­да «Алаш қай­рат­кер­лері арман­да­ры­на жете алмай кет­ті» неме­се «Аллаға шүкір, Алаш қай­рат­кер­лері ақтал­ды» деп әлі күн­ге дей­ін жылап-сықтай­тын ғалым­дар да жоқ емес көрі­неді.

Оларға айта­рым: отар­лы­ққа түсіп мем­ле­кет­ті­гі­нен, жер-суы­нан айры­лып азып-тозған халқы­ның басын бірік­тіріп, тілі мен төл мәде­ни­етін жетіл­діріп, кел­мес­ке кет­кен кеше­гі Қазақ ханды­ғы­ның үйін­дісі үсті­нен ұлт­тық мем­ле­кет­ті­гін қай­та құрып кет­кен Алаш қай­рат­кер­лері қалай­ша арма­ны­на жете алмай кете­ді? Бұл бір. Екін­ші­ден – қылы­шы­нан қан тамған кеңес өкі­меті Алаш қай­рат­кер­лерін «халық жауы» деп жала жауып қырып алып, жэар­ты ғасыр­дан кей­ін өзі ақта­ды. Олар­ды нақақтан нақақ айып­таған да, ақтаған да қані­шер билік пен импе­ри­я­ның өзі қай­да? Ал Алаш қай­рат­кер­лері халқы­ның жадын­да әрқа­шан­да ақ болып қал­ды емес пе?

Енді сөзді көбейт­пей «Жари­я­лан­баған Ауто­но­мия» деген басты сау­алға көшей­ін. Бұл сау­ал «Алаш туы астын­да» атты деректі фильм­нің «Жари­я­лан­баған авто­но­мия» деген ІІ-бөлі­мі­нен ғана емес (шынын айт­сам, фильм­нің тұса­у­ке­сері күт­пе­ген жер­ден Алма­ты­да өткізіліп, оны көрудің мүм­кін­ді­гі бол­ма­ды; жал­пы фильм­нің қалың көре­рмен қауы­мға қашан ұсы­ны­ла­ты­нын бір Алла біледі), Алаш тарихын зерт­те­у­ге ширек ғасыр­дан астам уақы­тын сарп еткен кәсі­би тарих­шы-ғалым, ака­де­мик Мәм­бет Қой­гел­ди­ев­тің талай ресми жиын­да айтып жүр­ген пікірі­нен туып отыр. Алаш Авто­но­ми­я­сын тіп­ті жоққа шығарғы­сы келетін тарих­шы-сымақтар да жоқ емес.

Егер олар өз пікір­лерін көбіне әле­умет­тік желілер­де жазып кел­се, ака­де­мик Қой­гел­ди­ев­тің ресми жиын­дар­да айта­тын сөзінің тоқе­тері мынау: «Алаш авто­но­ми­я­сы болған жоқ, себебі өзін ресми түр­де жари­я­ланған жоқ. Алаш Орда үкі­меті бол­ды». Бұл тезис ешбір санаға сый­май­ды, оны тіп­ті ешбір тари­хи айғақ-дерекке сүй­ен­бей-ақ теріс­ке шыға­руға бола­ды. Әйт­се де осы­дан 1 ғасыр бұрын «Қазақ» газеті бет­терін­де Алаш қай­рат­кер­лері негізін салып кет­кен еркін пікір­та­лас дәстүрін қай­та тіріл­тіп, өз уәжім­ді айтай­ын. Одан бұрын мына­дай маңы­зды мәсе­ле­ге назар ауда­ра кетей­ін.

Мәм­бет мыр­за «Алаш» тарихы­нан док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­сын да қорғап, бір­не­ше кітап (моно­гра­фия) жазып, ака­де­мик атағын да алды. Болат Мүр­сәлім де Алаш тақы­ры­бын зерт­те­у­ге еле­улі үлес қосқан жур­на­лист. Ия, жур­на­ли­стің де, әсіре­се ака­де­ми­к­тің Алаш тура­лы ширек ғасыр­дан бері берік қалып­тасқан көзқа­ра­сы­ның аяқ асты­нан «эво­лю­ци­яға» ұшы­ра­уы, Алаш Ұлт­тық Жер­лі Авто­но­ми­я­сы­ның 1 ғасыр­лық мерей­тойы жылын­да жер­ден жеті қоян тапқан­дай оны «жари­я­лан­баған авто­но­мия» деп 1800-қа бұра тар­туы көп­шілік­ке ашық аспан­нан жай түс­кен­дей әсер етсе керек. Бірақ оның терең сыры не пәлен­дей жұм­бағы жоқ. «Алаш туы астын­да» филь­мінің сце­на­рий­ін жазған Б. Мүр­сәлім­нің, фильм­нің басты кеңес­шісі М. Қой­гель­ди­ев­тің 1800-қа бұра тар­туы­ның аста­рын­да кәдім­гі тап­сы­рыс жатыр.

Кеңес дәуірі­нен билік­тің қолы­нан жем жеп, оның алдын­да «ләб­бай» деп мара­пат алып үйрен­ген зия­лы­ла­ры­мы­здың алды­ңғы буы­ны­нан одан басқа­ны күтудің өзі артық. Өйт­кені бүгін­гі сая­си коньюнк­ту­раға сәй­кес, қазір­гі Қазақ елі 1917 жыл­дың 12 жел­тоқ­са­нын­да құры­лған жоқ, одан 1 ғасыр кей­ін – 1991 жыл­дың 16 жел­тоқ­са­нын­да (қос аяғы аспан­нан сал­бы­рап түс­кен­дей) пай­да бол­ды. Яғни оған дей­ін Қаза­қстан­ның қазір­гі жер аумағын­да ешқа­шан қазақ мем­ле­кеті болған жоқ, өйт­кені оның шека­ра­сы бол­маған (олай бол­са мем­ле­кет­тік шека­ра­сы бол­маған Шыңғыс хан импе­ри­я­сы да миф болып шық­пай ма!?!).

Алаш Авто­но­ми­я­сы­ның 100 жыл­ды­ғы­на орай мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­спен түсіріл­ген деректі фильм­де, бірін­ші­ден, Алаш қозға­лы­сы­ның және пар­ти­я­сы мен авто­но­ми­я­сы­ның жетек­шісі Ә.Н. Бөкей­хан емес, А. Бай­тұр­сы­нұлы­ның бас кей­іп­кер­ге айна­луы, екін­ші­ден — фильм­нің ІІ-бөлі­мі «Жари­я­лан­баған Авто­но­мия» ата­лып, Авто­но­ми­я­ның 100-жыл­дық мерей­той­ын­да емес, одан бір жыл кей­ін – биыл шығуы да соның сал­да­ры бол­са керек.

Бір сөзбен айтқанда, ұлттық тарихымыздың ең жарқын беттері мен тарихи тұлғаларымыздың аруақтарына қиянат жасау ащы да болса бүгінгі күннің болмысына айналды.

Мысалға Абы­лай хан­ның 300-жыл­ды­ғын 2 жыл кешік­тіріп облы­стық дең­гей­де той­лау, ЮНЕСКО тара­пы­нан «шынайы бүкіләлем­дік даңқты қай­рат­кер» деп таны­лған Әли­хан­ның 150 жыл­ды­ғын және қазір­гі Қазақ елінің ірге­та­сын қалап, шека­ра­сы­ның негізін бел­гілеп кет­кен Алаш Авто­но­ми­я­сы­ның 100-жыл­ды­ғын тіп­ті еле­меу, Абай атын­дағы тұңғыш ұлт­тық уни­вер­си­теті­міздің Таш­кент­те­гі 10 «алаш» жылын ысы­рып тастап, шол­ти­тып 90-той­ла­уды ата­са да жетіп арты­ла­ды.

Ал енді баста­пқы тақы­ры­бы­мы­зға орал­сақ, Алаш – мем­ле­кет­тік құры­лым, ал Алаш Орда – оның жоғарғы мем­ле­кет­тік атқа­ру­шы билі­гі (үкі­меті). Мем­ле­кет бол­ма­са, оның жоғарғы мем­ле­кет­тік атқа­ру­шы билі­гі қай­дан пай­да бола­ды!?! Мем­ле­кет­тік билік жоқ жер­де мем­ле­кет те бол­май­ды. Керісін­ше мем­ле­кет­тік билік­тің болуы – мем­ле­кет­тің болға­ны­на бір­ден бір дәлел. Ол акси­о­ма. Алты Алаш көсе­мі Әли­хан да, оның адал үзең­гілесі Мір­жақып – Мади­яр да «Алаш Орда ойран болға­ны — Алаш туы құлаға­ны. Онан соң біз­ге жұрт­тық жоқ, азып-тозып кет­кені­міз» деп тегін жаз­ба­ды емес пе? Қазақ-қырғыз халы­қта­ры­ның өкілет­ті жиы­ны ең алды­мен Алаш ата­у­лы Ұлт­тық Жер­лі Ауто­но­мия – яғни мем­ле­кет құр­ды. Халық өкіл­дері құрған мем­ле­кет – ресми түр­де жари­я­лан­ба­са – мем­ле­кет болып есеп­тел­мей ме?

Тағы сол халық өкіл­дері Авто­но­мия құрған соң, оның Алаш Орда Уақыт­ша Бүкілқа­зақ Кеңесін – яғни жоғарғы мем­ле­кет­тік атқа­ру­шы билі­гін жасақтап сай­ла­ды және 3 бала­ма үміт­кер­дің іші­нен Әли­хан Бөкей­ханды сол үкі­мет­тің төраға­сы етіп сай­ла­ды. Демек, мем­ле­кет құру мен оның билік тетік­терін жасақта­удың заң­дық тәр­тібі толы­ғы­мен сақтал­ды.

Енді осы пікірім­ді тарқа­та кетей­ін. Оның ішін­де Алаш Авто­но­ми­я­сы­ның жари­я­ланған – жари­я­лан­баға­ны тура­сын­да.

1917 жыл­дың 5–13 жел­тоқ­са­ны ара­лы­ғын­да болып өткен ІІ Жал­пы­қа­зақ сиезінің 12 жел­тоқ­сан күн­гі оты­ры­сын­да Алаш Ұлт­тық Жер­лі Ауто­но­ми­я­сы­ның құры­лға­ны­на ешкім дау­лас­пас. Оған Әлім­хан Ермекұлы­ның «Сары­арқа» газетін­де­гі «Жаса­сын Алаш, жаса­сын!» атты мақа­ла­сы­нан жоға­ры­да эпи­граф ретін­де алы­нған сөз­дері дәлел. Алаш Авто­но­ми­я­сы­ның құры­луы — қазақ-қырғыз өкіл­дерінің сая­си құлқы, ресми қаулы­сы бола­тын.

Осы жер­де қысқа­ша бол­са да сиездің өзіне тоқта­ла кет­кен артық бол­мас. Бірін­ші­ден, І Жал­пы­қа­зақ сиезі 1917 жыл­дың 21–26 шіл­десін­де емес, «Торғай облы­сы қаза­қта­ры­ның» деген ресми ата­у­мен 2–8 сәуірін­де жина­лып, оған 6 облы­стан 300-ден астам өкіл қаты­сты. Бұл қазақ халқы­ның Ресей импе­ри­я­сы­ның отар­лы­ғы­на түс­кен­нен бер­гі бірін­ші жал­пы­қа­зақ жиы­ны және 1917–1918 жыл­дар­дағы бар­лық қазақ жиы­ны­ның ең зоры бола­тын. Оған «Қазақ» газетін­де­гі көп­те­ген мақа­ла­дан, М. Шоқай­дың және т.б. Алаш қай­рат­кер­лерінің естелік, мұра­ла­ры­нан көз жет­кі­зе­міз. Демек, кей­ін «Алаш» деп аталған ұлт­тық пар­тия мен «Алаш әскері» («арми­я­сы») деп ашық айты­лған ұлт­тық милит­сия құру тура­лы қау­лы қабыл­даған 21–26 шіл­де сиезі – іс жүзін­де ІІ Бүкіл қазақ-қырғыз жиы­ны бола­тын.

Ал 5–13 жел­тоқ­сан күн­дерін­де­гі жиын­ды – «ІІ Жал­пы­қа­зақ сиезі» емес, бүкіл қазақ пен қырғыз өкілет­ті­гі және заң­на­ма­лық дәре­же­сі жағы­нан мем­ле­кет құру құзы­ры бар «Жал­пы қазақ-қырғыз құры­л­тайы» деп ата­уға әбден лай­ық. Себебі Мади­яр – М. Дулатұ­лы өзінің «Жал­пы қазақ-қырғыз сиезі» атты мақа­ла­сын­да жазған­дай, «бүкіл Ала­штан сиез­ге 81 өкіл кел­ді. Сиез­де қара­ла­тын мәсе­ле­лер зор болған­ды­қтан, өкіл емес кісілер де көп бол­ды. Бар­лы­ғы 200-ден аса адам жинал­ды».

Ерекше тоқта­ла кететін тағы екі маңы­зды мәсе­ле. Бірін­ші­ден, сәуір, шіл­де және жел­тоқ­сан жиын­да­ры – бір қазақ халқы­ның емес, қазақ пен қырғы­здың ортақ жиы­ны, ал Алаш Ұлт­тық Жер­лі Ауто­но­ми­я­сы – қазақ пен қырғы­здың ортақ мем­ле­кет­тік құры­лы­мы бола­тын. Екін­ші­ден, Алаш жетек­шілері Жал­пы қазақ-қырғы­здың бірік­кен құры­л­тай­ын Бүкілре­сей­лік құры­л­тай­да өзге түр­кі-мұсыл­ман халы­қта­ры­мен бір­ле­се авто­но­мия құруға ақ бата алған соң ғана шақы­ру­ды жос­пар­ла­ды. Алай­да Уақыт­ша үкі­мет құлап, «айбал­та­ның жүзі­мен, най­за­ның ұшы­мен» билік­ке Кеңес өкі­меті кел­ген соң, бірін­ші­ден, Бүкілре­сей­лік құры­л­тай­дың шақы­ры­луы екіта­лай бол­ды. Екін­ші­ден, Орын­бор­дан 1917 жыл­дың 10 қара­ша­сын­да Ә. Бөкей­хан, М. Дулатұ­лы, А. Бай­тұр­сы­нұ­лы және т.б. Алаш қай­рат­кер­лері жол­даған жедел­хат­та айты­лған­дай, «Мына басталған бүлік­тің ауыр сал­мағы қаза­қта қалып, уыты біз­ден тарқай­тын көрі­неді… Жан­ды, мал­ды, қатын-бала­ны қырғын тала­удан қорғай­тын күн туды».

Ең басты­сы, бұл жедел­хат­та қазақ пен қырғы­здың төтен­ше құры­л­тайы шақы­ры­ла­ты­ны және оның күн тәр­тібіне авто­но­мия құру емес, назар ауда­ры­ңы­здар — бас қорғау мәсе­лесі қой­ы­лға­ны хабар­лан­ды: «Біз жұмыстың аса керекті­гі һәм шұғыл­ды­ғы­на қарап, жал­пы қазақ сиезін жаса­мақ бол­дық. Құр­мет­ті ақсақал­дар, көзі ашық оқы­ған­дар, 5-інші декәбір­ге қар­сы Орын­борға келе көрің­дер, бас қорға­удың қамы – мили­ция жаса­уды кеңе­се­міз. Бүкіл дүние жүзін діріл­детіп, қорқы­тып тұрған һала­кет теңізін­де құр­бан­ды­ққа шалы­нып, тала­у­ға ұшы­рай­тын көрі­не­міз. Дүни­е­де бар болу мен жоқ болу жұм­бағы кез­де­сті».

Құры­л­тай­дың өзіне кел­сек, ресми шақы­ры­лған 81 (құры­л­тай қар­саңын­да дүние салған Ораз ақсақал Тәтиұлы­ның есеп­те­ме­ген­де. — С.А.) өкіл­дің 43-і, яғни жар­ты­сы­нан аста­мы – «Алаш» пар­ти­я­сы­ның тізі­мі бой­ын­ша қазақ-қырғыз аты­нан Бүкілре­сей­лік құры­л­тай жина­ла­сы­на сай­ланған депу­тат бола­тын. Қалған 38 өкіл – қазақ халқы­ның сый­лы ақсақал­да­ры, көзі ашық оқы­ған­да­ры, атқа­мі­нер­лері бола­тын. Әйт­се де 81 өкіл жина­май-ақ, осы Бүкілре­сей­лік құры­л­тай­ға сай­ланған 43 депу­тат­тың да Авто­но­мия құруға толық заң­ды құқы да, құзы­ры да бар еді. Қысқа­сын айтқан­да, 1917–1919 жыл­да­ры өздерін «бүкілре­сей­лік үкі­мет» деп жари­я­лаған бар­лық мем­ле­кет­тік құры­лым­мен салы­сты­рған­да, оның ішін­де билік­ті қару­дың күші­мен тар­тып алған Кеңес өкі­меті де бар, Алаш Ұлт­тық Жер­лі Ауто­но­ми­я­сы заң жүзін­де бар­лық талап-шар­тқа сай құрыл­ды.

Ауто­но­ми­я­ны жари­я­лау мәсе­лесі сиез­де дау туғы­зға­ны да рас. Құры­л­тай­да осы мәсе­ле төңіре­гін­де Әли­хан бастаған көп­шілік топ пен Ж. және Х. Досмұ­хам­медұл­да­ры бастап, негізі­нен қожа-мол­да­лар қол­даған азшы­лық топ­тың қай­сысы дұрыс не бұрыс болға­ны дәл қазір онша маңы­зды емес. Маңы­здысы, Мади­яр (М. Дула­ту­лы) жазған­дай, «ақы­рын­да екі жақ келісіп, қазір өза­ра ауто­но­мия алдық делік, ал ресми жари­я­лау қылу­ды сиез аты­нан сай­лап қал­ды­рған 15 кісі­ге (Алаш Орда Халық Кеңесінің комис­сар­ла­ры. – С.А.) тап­сы­ра­лық деген­ге тоқтал­ды».

Ал енді ауто­но­ми­я­ның ресми жари­я­ла­нуы­на келей­ік. Ресми жари­я­ла­удың негіз­гі де басты мақ­са­ты – өз мем­ле­кетін өзге­лер­ге мой­ын­да­ту. Рас, Алаш Орда өзіне Жал­пы қазақ-қырғыз құры­л­тайы жүк­те­ген мін­дет­ті орын­дап, 1 айдың ішін­де Авто­но­ми­я­ны жари­я­лаған жоқ. Оның бір емес, бір­не­ше аса маңы­зды себебі болға­нын ака­де­мик Қой­гел­ди­ев пен жур­на­лист Мүр­сәлім жақ­сы біледі.

Бірін­шісі – 1918 жылғы қаңтар­дың 5-інен 6-сына қараған түні Кеңес өкі­меті Пет­ро­град­та бірін­ші оты­ры­сы­на жиналған Бүкілре­сей­лік Құры­л­тай жина­лы­сын шатыр­лар­дан атқы­лап қуып, Ресей­де бір­де-бір заң­ды, халық сені­мін арқа­лаған мем­ле­кет­тік билік қал­ма­ды. Екін­шісі, қазақ-қырғыз құры­л­тай­ы­ның қаулы­сы­на сәй­кес, Алаш Орда қалың қазақ-қырғы­зын қорғау үшін «1 айдың ішін­де милит­сия құрып қам­да­нып», «елде­гі көр­ші оры­стар­мен сөй­лесіп келісіп» үлгер­меді. Оған қоса Алаш Орда Халық Кеңесі Алаш қала­сы­на көшіп кел­ген­де қала өздерін «кеңес өкі­меті­мін» деп жари­я­лаған «тонын теріс айнал­ды­рып киіп» бәл­ше­бек болып шыға кел­ген қаза­қтың өз іші­нен шыққан ала­яқта­ры мен келім­сек­тер­дің қолын­да бол­ды.

Бірақ Алаш Орда қол қуы­сы­рып отыр­ды ма? Қайт­кен күн­де де жаңа туған жас мем­ле­кет­тік құры­лым­ды сақтап, оны өзге­лер­ге мой­ын­да­ту үшін Алаш Орда бас­шы­лы­ғы кез-кел­ген заң­ды да қуат­ты өкі­мет­пен, тіп­ті бітіс­пес идео­ло­ги­я­лық қар­сы­ла­сы болған Кеңес өкі­меті­мен де одақ­та­суға әзір еді. Оған мына жедел­хат­тан көз жет­кі­зе­міз: «Біз, Алаш Орда мүше­лері, ұлт­тар істері бой­ын­ша халық комис­са­ры Ста­лин­нің Алаш Авто­но­ми­я­сы тура­лы сөзін тал­дай келіп, Кеңес үкі­метін Орта­лық үкі­мет деп мой­ын­дау тура­лы қау­лы қабыл­да­дық. 1917 жыл­дың 5–13 жел­тоқ­са­нын­да Орын­бор­да өткен Жал­пы­қа­зақ құры­л­тай­ы­ның қаулы­сы негізін­де дереу Алаш Авто­но­ми­я­сын жари­я­лай­ты­мы­зды және аталған құры­л­тай­дың қаулы­сын жүзе­ге асы­ра­ты­ны­мы­зды хабар­лай­мыз. Кеңес үкі­меті жанын­дағы қазақ істері бой­ын­ша өкіл­дер болып қазір сіз­дер­де Мәс­ке­уде жүр­ген және Алаш Орда аты­нан келіс­сөз жүр­гі­зетін Жаһан­ша және Халел Досмұ­ха­медұл­да­ры тағай­ын­да­ла­ды» (ҚР ПА: 811 қор, 23 тіз­бек, 193 іс, 52–54 парақтар).



Алаш Орда төрағасының орынбасары Халел Ғаббасұлының В. И. Ленинге жолдаған жеделхаттары

Алай­да Кеңес өкі­меті Алаш Орда­ның бұл жедел­ха­тын жау­ап­сыз қал­дыр­ды. Оның артын­ша, 8 мау­сым күні Самар­да Кеңес өкі­метіне қар­сы тұңғыш бүкілре­сей­лік үкі­мет — құры­л­тай жина­лы­сы мүше­лерінің коми­теті (ҚЖМК неме­се орыс­ша КОМУЧ) құрыл­ды. Алаш Орда Ұлт­тық Жер­лі Авто­но­ми­я­сын сол коми­тет­ке мой­ын­да­ту мақ­са­тын­да алға­шқы да нақты қадам­да­рын жаса­ды. Ара­да 3 күн өте, ескі күн­тіз­бе бой­ын­ша 11, жаңа күн­тіз­бе бой­ын­ша 24 мау­сым күні Алаш Орда «Екін­ші қазақ-қырғыз сиезінің қаулы­сы бой­ын­ша 11–24 июн­де Алаш қала­сын­да іске кіріс­кені» және «Сібір һәм Башқұрт­стан авто­но­ми­я­ла­ры­мен ынты­мағы бар» деген жедел­хат тарат­ты. Сол күні-ақ Алаш Орда алға­шқы заң­на­ма­лық қаулы­ла­рын қабыл­да­ды. Олар­дың ішін­де ең маңы­зды­ла­ры – Алаш Орда құра­мын­да қорға­ныс мини­стр­лі­гінің құзы­ры жүк­тел­ген Әске­ри Кеңес құру, облы­стар мен ояз­дар­да Алаш Орда кеңе­стерін құру, мем­ле­кет­тік салық, сот билі­гін жасақтау және т.б. қаулы­лар.

Шіл­де айын­да Құры­л­тай жина­лы­сы мүше­лерінің коми­теті Алаш Орда төраға­сы Ә. Бөкей­хан мен М. Шоқай­ды Самарға келіс­сөз­ге шақы­рып, өза­ра сая­си-әске­ри одақ құру тура­лы келісім­ге кел­ді. Бірақ Алаш Орда төраға­сы­ның бұл одақты қанағат­тан­баға­ны анық бай­қал­ды. 1917 жыл­дың қазан айын­да Жал­пы Сібір сиезін­де қол жет­кен баста­пқы уағ­да­ла­сты­ққа көп үміт артқан Ә. Бөкей­хан ең алды­мен Сібір Облы­стық Авто­но­ми­я­сы­мен уақыт­ша бірі­гу­ге ұмтыл­ды. Оның астар­лы сырын Ә. Бөкей­хан 1917 жылғы «Жал­пы Сібір сиезі» мақа­ла­сын­да «әуелі Сібір­ге сүй­еніп, тасы­мал­дап, жалға­сып, көшіп кетелік; жіп жалғап, зор мем­ле­кет көр­не­уі­нен құты­лып-ап» деп бір-ақ ауыз сөз­бен түсін­дір­ген бола­тын.

Алай­да Сібір Авто­но­ми­я­сы­ның ішкі жағ­дайы онша мәз емес-ті. Авто­но­ми­я­ның жоғарғы атқа­ру­шы және жоғарғы заң шыға­ру­шы билік­тері – либе­рал­ды Сібір үкі­меті мен соци­а­ли­стік Сібір облы­стық дума­сы ара­сын­да күрес-тар­тыс туып, ол 1918 жыл­дың күзін­де облы­стық дума­ны күш­теп тара­ту­мен аяқтал­ды. Соның сал­да­ры­нан, бірін­ші­ден, алғаш жасақталған мини­стр­лер каби­неті ыды­рап, аза­мат­тық билік әлсіреп, әске­ри билік күшей­ді. Екін­ші­ден, 1918 жыл­дың 4 (17) шіл­десін­де құры­лған Сібір Авто­но­ми­я­сы­ның Уақыт­ша үкі­меті мен Алаш Орда ара­сын­дағы келіс­сөз ұза­ққа созы­лып кет­ті. 1918 жыл­дың 13 (26) шіл­десін­де Ә.Н. Бөкей­хан Сібір рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мини­стр­лер Кеңесіне мына­дай хат жол­да­ды:

«Біздің Сібір үкі­меті­мен ара­дағы келіс­сөзі­міздің созы­лып кетуі Алаш Авто­но­ми­я­сын Орал облы­сы­нан (Ойыл уала­я­ты) айыр­ды. Бәл­кім бәл­ше­бек­тер­ден құты­лған және Алаш Авто­но­ми­я­сы­ның жари­я­ла­нуын көре алмаған өзге қазақ-қырғыз облы­ста­ры да Орал­дың жаман үлгісіне салып, әрі қарай сепа­ра­тизм­ге барып Түр­кістан­мен жақын­да­суға ұмты­луы мүм­кін. Бакуді немістер алы­сы­мен, Түр­кістан­ды да немістің жау­лап алу қау­пі туа­ды.

Алаш Авто­но­ми­я­сы­ның ыды­рау қау­пі Алаш Орда­ны Сібір­мен ара­дағы одақтан бас тар­туға, Алаш Авто­но­ми­я­сын жари­я­лап, Сібір­мен одақ­та­су­дың тиім­ділі­гін құр­бан етіп, қазақ-қырғыз халқы­ның бір­лі­гін құтқа­ру сияқты үзіл­ді-кесіл­ді шараға баруға мәж­бүр­лей­ді. Сібір үкі­метінің Алаш Авто­но­ми­я­сын мой­ын­да­уы Алаш Ордаға Түр­кістан­ды неміс бағы­ты­нан бері бұрып, оны Ресей феде­ра­ци­я­сы аумағын­да сақтап қалуы­на мүм­кін­дік берер еді».

Соны­мен қатар Алаш Орда үкі­меті Ұлт­тық Авто­но­ми­я­ны Ресей­дің заң­ды (леги­тим­ді) өкі­метіне мой­ын­да­ту­мен шек­тел­мей, кеше­гі импе­ри­я­ның бар­лық демо­кра­ти­я­лық күшін Кеңес өкі­метіне қар­сы күрес­ке жұмыл­ды­руға да тыры­сқанға ұқсай­ды. Мысалға,Сібір үкі­меті­мен ара­дағы келіс­сөз­де талқы­ла­у­ға ұсы­нған 6 маңы­зды мәсе­ленің соңғы­сын­да Алаш Орда төраға­сы Ресей­ден бөлек 4 авто­но­ми­я­ның феде­ра­ци­я­сын құру­ды алға тар­та­ды: «6) Феде­рал­дық билік құру мақ­са­тын­да таяу ара­да бәл­ше­виз­мнен тазар­ты­лған авто­но­ми­я­лық халы­қтар мен шет­кі аймақтар депу­тат­та­ры­ның кон­гресін шақы­ру­дың өзек­тілі­гі. Бұл билік, сөз­сіз, ыды­раған Ресей бөлік­терін бұры­нғы­дан да тығыз бірік­тіріп, олар­ды цемент­тей берік бай­лап, Одақтың мүд­десін ішкі және сыр­тқы жау­лар­дан қорғау үшін олар­дың күш-қуа­тын өсіреді. Осы тұрғы­дан қараған­да таяу ара­да Сібір, Алаш, Башқұрт­стан және Түр­кістан феде­ра­ци­я­сын құру мүм­кін­ді­гі бар» (Алаш-Орда: Сбор­ник доку­мен­тов. / Соста­ви­тель Н. Мар­ты­нен­ко. – Алма­ты: Малое издат. «Айқап», 1992 г. – Сс. 94–95.).

Алаш Орда төраға­сы­ның бұл ұсы­ны­сы 1918 жылғы қыр­күй­ек айы­ның соңын­да Уфа қала­сын­да болып өткен «Мем­ле­кет­тік мәжілісті» жина­уға түрт­кі бол­ды деп айтуға да бола­ды. Мем­ле­кет­тік мәжіліс басталған 23 қыр­күй­ек күні Құры­л­тай жина­лы­сы мүше­лерінің коми­теті Ала­шты Авто­но­мия ретін­де ресми түр­де мой­ын­да­ды. Ака­де­мик Қой­гел­ди­ев пен жур­на­лист Б. Мүр­сәлім­ге одан артық қан­дай жари­я­лау керек? 25 қыр­күй­ек­те Ә. Бөкей­хан­ның Уфа­дан Алаш Орда үкі­меті орны­ққан Алаш қала­сы­на мына­дай жедел­хат жол­даға­нын сіз­дер кім­нен бол­са да жақ­сы білесіз­дер:

«Құры­л­тай уәкіл­ді­гінің коми­теті Ала­шты авто­но­ми­я­лы жұрт деп таны­ды. Бар күшті ұлт әскерін жаса­уға салы­ң­дар. Алаш – Рос­си­ядағы одақ­тас мем­ле­кет­тер­дің бірі. Сон­ды­қтан тіре­удің бір ұшы – Алаш әскері. Алаш пол­кіне не кере­гін тауып беріп, тарат­паң­дар. Керек нәр­сені, қан­ша­ма бол­сын, қары­зда­нуға қорған­баң­дар. Жетік, білік­ті қару алсын. Алаш отря­ды­ның Орал, Торғай бөлім­дерін­де әскер жасау жұмысы жалғас­сын. Орал­да қазақ офи­цер­лерін шығар­мақ­пыз. Алаш Орда басты­ғы Бөкей­ха­нов» («Абай», 1918.25.09, №10).

Мем­ле­кет­тік мәжілі­стен кей­ін тағы да сол «Абай» жур­на­лы «Кін­дік хүкі­мет» деген мына­дай мақа­ла жари­я­ла­ды:

«Мем­ле­кет кеңесін­де жал­пы Рос­си­яға кін­дік хүкі­мет сай­лан­ды. Кін­дік хүкі­мет­ке бес-ақ кісі кір­ген…

Бұл хүкі­мет жалғыз-ақ Құры­л­тай (Ушре­ди­тел­ное собра­ние) алдын­да ғана жау­ап­кер. Басқа ұйым­дарға атқарған ісі­нен, Құры­л­тай жиы­лған­ша, есеп-жау­ап та бер­мек емес және де хүкі­мет­ке кір­ген кісі орны­нан да түс­пек емес…

Алаш Орда­ны хүкі­мет деп, Ала­шты Авто­но­ми­я­лы жұрт деп мем­ле­кет кеңесі таны­ды. Енді Сібір хүкі­меті таны­ма­сы­на жол жоқ» («Абай», 1918.12.10, № 11, Алаш қала­сы).

Бірақ Сібір Авто­но­ми­я­сы­ның Ала­шты мой­ын­да­уы сая­си маңы­зын, өзек­тілі­гін жоғалт­ты. Себебі Мем­ле­кет­тік мәжілі­сте «Уфа дирек­то­ри­я­сы» деген ата­у­мен Уақыт­ша бүкілре­сей­лік үкі­мет құры­лып, 1918 жыл­дың 4 қара­ша­сын­да қабыл­данған декла­ра­ци­яға сәй­кес, бүкіл Сібір билі­гі осы уақыт­ша үкі­мет­ке («Уфа дирек­то­ри­я­сы­на») беріл­ген соң, Сібір Авто­но­ми­я­сы мен оның үкі­меті жой­ыл­ды, оның билік меке­ме­лері Уақыт­ша бүкілре­сей­лік үкі­мет­тің меке­ме­лері болып өзгер­тіл­ді.

Міне осын­дай бұл­тарт­пай­тын тари­хи фак­ты­лар­дан кей­ін Ала­шты «жари­я­лан­баған авто­но­мия» деу не сана­лы түр­де ада­су, не сау­ат­сыздық, не бол­ма­са — ұлт­тық тарихы­мы­зды қазір­гі сая­си жағ­дай­ға икем­деп қасақа­на бұр­ма­лау болып табы­ла­ды.

«Алаш Авто­но­ми­я­сы Ресей­ден бөлініп, дер­бес тәу­ел­сіз мем­ле­кет болу­ды көз­де­ген жоқ» дей­тін «біл­гіш» тарих­шы­лар тағы бар. Мұн­дай жала­ны да теріс­ке шыға­руға Алаш Орда төраға­сы Ә. Бөкей­хан­ның 1917 жылғы қазан айын­дағы І Сібір облы­стық сиезі­нен ора­лы­сы­мен жари­я­лаған «Жал­пы Сібір сиезі» мақа­ла­сы­нан үзін­ді кел­тір­сек те жетіп арты­ла­ды. Ұлт көсе­мінің Ала­шты Сібір­ге қос­пақ ойы­ның аста­рын­да жас мем­ле­кет­ті ұлы импе­ри­я­ның құра­мы­нан қан­тө­гіс­сіз, туған жерін мей­лін­ше кеңіреп бөліп алып, Сібір құра­мын­да шека­ра­сын бекітіп, мем­ле­кет­ті­гін нығай­тып алған соң одан бөлініп шығу мақ­са­ты жат­ты. «Соны­мен, — деп жаз­ды Қыр бала­сы «Жал­пы Сібір сиезі» мақа­ла­сын­да, — Сібір авто­но­ми­я­сы­ның негіз­гі зако­ныне өз алды бір баб жазыл­мақ: қазақ ұлты һәм өзге Сібір­ді қоныс қылған жер­лі жұрт Сібір ауто­но­ми­я­сы­на уақыт­ша қосы­ла­ды (!!!). Өздері, біз енді бөлініп, өз алды­мы­зға ауто­но­мия бола­мыз деген күні боса­нып, ауто­но­мия бола­ды деп (!!!). Биыл жаз­дай болған коми­тет сай­ла­у­ла­ры, біздің қазақ өзін-өзі биле­ген­де істе­ген істері көр­сетіп тұр: іс атқа­ра­тын аза­мат­тың азды­ғын, жал­пы жұрт­тың қараңғы­лы­ғын, біз ойла­дық – әуелі Сібір­ге сүй­еніп, тасы­мал­дап, жалға­сып, көшіп кетелік; жіп жалғап, зор мем­ле­кет көр­не­уі­нен құты­лып-ап, отау болып соңы­нан бөлі­нелік деп (!!!)».

Ә.Н. Бөкей­хан, өзінің кей­бір үзең­гілесі сияқты (Ж. және Х. Досмұ­хам­медұл­да­ры, Ғаби­дол­ла Темірұ­лы) ман­сап қуып, өз алды­на авто­но­мия (Ойыл уала­я­ты) құрып, оған бас­шы болу­ды көз­де­ген жоқ. Оның мақ­са­ты – бүкіл қаза­қтың басын қосып, өзге­ге халқы­ның тіп­ті алақан­дай да жерін қал­дыр­май авто­но­мия алу бол­ды. «Қазақ болып авто­но­мия бола­мыз десек, — деп жаз­ды Қыр бала­сы тағы да сол мақа­ла­сын­да, — алды­мы­зда шешуі қиын бір жұм­бақ бар. Орал, Торғай, Ақмо­ла, Семей­де көп мұжық біз­бен қоны­с­тас; бұл облы­стар­да мұжық пен қазақ қым-қиғаш ара­лас. Мұжы­қ­пен ара­лас қаза­қты тастап, алғы қазақ болып шыға­мыз десек, қазақ оры­ста қала­ды, қаза­қты бұл жер­ден көшіріп ала­мыз десек, бұл қазақ ата қоны­сы­нан көшпес; көш­се ақыл­сыздық бола­ды. Қазақ жерінің ең жақ­сысы – осы мұжы­қ­пен ара­лас оты­рған жер. Түбін­де қазақ ұлты бір авто­но­мия бола қал­са, іште­гі оры­сты ала кете­міз бе деген үміт. Біздің қазақ ұлты­ның ауто­но­ми­я­сы енді тұр­мыс хал­да туы­сқан ауто­но­ми­я­сы болар емес, жер­ге бай­ла­у­лы ауто­но­мия бол­мақ. Ішін­де­гі орыс мұны мақұл­дай­тын көрі­неді».

Уфа­да болып өткен «Мем­ле­кет­тік мәжіліс» бары­сын­да тағы бір тари­хи іс-шара болға­нын да ескер­мей кету­ге бол­май­ды. Жоға­ры­да айты­лған­дай, егер Алаш – қырғыз бен қарақал­пақ халы­қта­ры­н­мен ортақ ұлт­тық мем­ле­кеті бол­са, Түр­кістан мұх­та­ри­я­ты келе­шек­те оның құрам­дас бөлі­гіне айнал­са, Уфа­дағы Мем­ле­кет­тік мәжілістің сыр­тын­да Түр­кістан, Башқұр­стан және Алаш Авто­но­ми­я­ла­ры­ның бас­шы­ла­ры М. Шоқай, А.-З. Уәли­дов және Әли­хан Бөкей­хан – назар ауда­ры­ңы­здар – Қазақ-Башқұрт бірік­кен мем­ле­кетін құра­тын болып келі­седі. 1937 жыл­дың 6 тамы­зын­да Мәс­ке­удің Бутыр­ка түр­месін­де ОГПУ тер­ге­ушісіне бер­ген жау­а­бын­да Әли­хан былай деп мәлім­деді:

«Осы мәжілі­сте біз Кеңес өкі­метіне қар­сы бір­лесіп күре­су және бірік­кен Башқұрт-Қазақ мем­ле­кетін құру тура­лы келістік…

Мұн­дай шешім­ге келу­ге төмен­гі­дей ой түрт­кі бол­ды:

Бірін­ші­ден, Кеңес өкі­метіне қар­сы біздің қару­лы күш­тері­мізді бірік­тірудің аса қажет­ті­гі. Күш қосу­ды біз Қызыл арми­яға қар­сы тұра ала­тын шынайы мүм­кін­дік деп қарас­тыр­дық. Оған қоса біз пат­ша­лық Ресей тұсын­да қаза­қтар­дың әске­ри қыз­мет атқар­маған жағ­дай­ын ескер­дік, ал башқұрт­тар қыз­мет етті. Демек біздің жасақта­ры­мыз башқұрт­тар­мен бірік­се, олар­дың соғы­су қабы­леті арта түс­пек.

Екін­ші­ден, жері­міздің көр­ші болуы және Башқұр­стан­да башқұрт­та­нып кет­кен қаза­қтар­дың (!) көп­ті­гі.

Үшін­ші­ден, Қаза­қстан мен Башқұр­стан эко­но­ми­ка­ла­рын ұшта­сты­ру­дың тиім­ділі­гі. Башқұрт руда­сы, орма­ны және қаза­қтың асты­ғы, малы және мұнайы.

Міне осы жайт­тар­ды еске­ре келе біз бірік­сек, әске­ри тұрғы­сы­нан да, эко­но­ми­ка жағы­нан да қуат­ты мем­ле­кет құра ала­мыз деп есеп­те­дік».

Ә. Бөкей­хан бұл жау­а­бын­да Кеңес өкі­метіне бел­гілі тари­хи фак­тіні толы­қты­рға­ны­мен, бар ақиқат­ты айтқан жоқ. 1918 ж. қыр­күй­ек­те «Мем­ле­кет­тік мәжілі­стен» тыс өткен бұл басқо­су­да «Оңтүстік-шығыс мұсыл­ман облы­ста­ры­ның (неме­се шат­та­ры­ның) феде­ра­ци­я­сын құру» мәсе­лесін талқы­лаған тек Алаш пен Башқұрт Авто­но­ми­я­ла­ры­ның жетек­шілері ғана емес, Түр­кістан (М. Шоқай) өкілі де қаты­сты. «Бола­шақ мем­ле­кет­тің ата­уы тура­лы сөз болған­да, — деп жаз­ды осы басқо­суға тіке­лей қаты­сқан З.У. Тоған (А.-З. Уәли­дов) өз естелі­гін­де, — Ақшо­ра (Юсуф. — С.А.) оны «Шығыс түр­кілер­дің феде­ра­ци­я­сы» деп ата­уға кеңес бер­ді. Әли­хан (Бөкей­хан. – С.А.) өз тара­пы­нан түзе­ту енгізді: — Оры­стар­дың біз­ге пан­түр­кизм деген айдар тағуы­на түрт­кі бола­тын ата­у­лар­дан аулақ болған дұрыс. Келе­шек­те мұн­дай атау әбден-ақ лай­ық болар, ал әзір­ше «Шығыс Ресей­дің мұсыл­ман феде­ра­ци­я­сы» ата­уы­мен шек­те­лу керек».

Алаш, Бұшқұр­стан, Татар­стан және Түр­кістан бас­шы­ла­ры­ның ара­сын­да мұн­дай келісім болға­нын Ресей­дің Мем­ле­кет­тік мұраға­ты­нан (ГА РФ) табы­лған келе­шек «Шығыс Ресей­дің Мұсыл­ман штат­та­ры» кар­та­сы­ның қол­дан салы­нған жоба­сы бұл­тарт­пай дәлел­дей­ді (№ 1 фото).

№ 1 фото

Ерекше назар ауда­ра­тын тағы бір мәсе­ле: Самар­да құры­лған Құры­л­тай жина­лы­сы мүше­лерінің коми­теті де, ресми түр­де «Уақыт­ша Бүкілре­сей­лік үкі­мет» аталған «Уфа дирек­то­ри­я­сы» да – 1917 жыл­дың 12–18 қара­ша­сын­дағы жал­пы­ха­лы­қтық шынайы демо­кра­ти­я­лық сай­ла­уда Бүкілре­сей­лік құры­л­тай жина­лы­сы­на сай­ланған депу­тат­тар құрған заң­ды (леги­тим­ді) Бүкілре­сей­лік үкі­мет­тер бола­тын. Кеңес өкі­метін ол екі үкі­мет­пен тіп­ті саты­сты­руға тұр­май­тын. 1918 жыл­дың 17-сінен 18-іне қараған түні жүзе­ге асы­ры­лған төң­керістің нәти­же­сін­де Уфа дирек­то­ри­я­сын құла­тып, бүкіл билік­ті өз қолы­на шоғар­лан­ды­рған вице-адми­рал Кол­чак­тың үкі­меті де – заң­сыз (леги­тим­ді емес) билік бола­тын.

18 қара­ша­да Мини­стр­лер кеңесінің төтен­ше мәжілісін­де «жоғарғы мем­ле­кет­тік билік­ті бір кісі­ге тап­сы­рып, оған «Жоғарғы биле­уші» атын беретін шешім қабыл­дап, «18 қара­ша кон­сти­ту­ци­я­сы» деп аталған Ресей­де­гі мем­ле­кет­тік билік­тің уақыт­ша құры­лы­мы тура­лы Ере­жені» бекіт­ті. Одан соң Мини­стр­лер каби­неті құпия дауыс беру арқы­лы А. Кол­чак­ты «Ресей­дің Жоғарғы биле­ушісі» етіп сай­лап, оның вице-адми­рал шенін толық адми­рал шеніне дей­ін көтер­ді.

Қысқа­сын айтқан­да, Кеңес өкі­метінің «үлгі-өне­гесі­мен» Ресей­дің тағы бір заң­сыз (леги­тим­сіз) үкі­меті само­дер­жа­ви­елік пат­ша­лық билік­ті қай­та тірілт­кен­дей бол­ды. Сол себеп­ті Ә.Н. Бөкей­хан, өз орын­ба­сар­ла­ры­ның бірі болған Х. Ғаб­басұлы­ның 1928 жылы ОГПУ тер­ге­ушісіне мәлім­де­генін­дей, Омбы­да Кол­чак үкі­меті­мен ара­дағы нәти­же­сіз келіс­сөзі­нен Семей­ге оралған бой­да Алаш Орда­ның мәжілісін жинап, сая­си оқиға­лар пат­ша­лық (монар­хи­я­лық) билік­ті жаңар­ту бағы­тын­да өрбі­се, не істеу керек деген мәсе­ле қояды, мұн­дай жағ­дай­да ұлт­тар­дың өзін өзі басқа­руға үміт­те­нуі мүм­кін емес; сон­ды­қтан Кеңес өкі­меті­мен бай­ла­ны­су қажет» шешәім­ге келіп, Мәс­ке­у­ге келіс­сөз жүр­гізу­ге А. Бай­тұр­сы­нұлын жөнел­те­ді. Оқиға­ның одан кей­ін­гі желісі ресми тарихы­мы­здан жақ­сы мәлім.

Оған қоса 1920 жыл­дың 26 тамы­зын­да жари­я­ланған Қырғыз (Қазақ) Авто­но­ми­я­лық Кеңе­стік Соци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Алаш Ұлт­тық Жер­лі Ауто­но­ми­я­сы негізін­де, соның жер аумағын­да және Алаш Орда үкі­меті мүше­лерінің тіке­лей атса­лы­суы­мен құры­лға­нын, яғни Қаза­қАКСР — Алаш Авто­но­ми­я­сы­ның заң­ды мұра­гері екенін сая­си әрі тари­хи тұрғы­дан мой­ын­дай­тын уақыт та әлдеқа­шан кел­ді. Қаза­қАКСР-ына 1936 жылы одақ­тас рес­пуб­ли­ка мәр­те­бесі беріліп, ҚазКСР болып жари­я­лан­са, ол өз кезе­гін­де 1991 жыл­дың 16 жел­тоқ­са­нын­да – Тәу­ел­сізді­гін жари­я­ла­ды. Енде­ше қазір­гі Тәу­ел­сіз Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы да Алаш Авто­но­ми­я­сы­ның заң­ды мұра­гері болып табы­ла­ды.

Abai.kz