fbpx

ҚАЗАҚТАРҒА ЖАСАЛҒАН ГЕНОЦИДТІ МОЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

Құқы­қтық негіз­дер және сая­си баға

Кіріс­пе

Соңғы 150 жыл ішін­де қазақ халқы сая­си, ұлт­тық, әле­умет­тік, әске­ри және діни тұрғы­да ашық және астыр­тын түр­де­гі қысым­ды басы­нан өткер­ді. Тарих­тың осы бет­терін әр кез­дері бірқа­тар ғалым­дар мен қара­пай­ым ынта­гер­лер зерт­те­у­ге тыры­сты. Кеңес зама­нын­да мұн­дай адам­дар қуғы­нға түсіп, олар­дың осы тақы­рып­тағы еңбек­тері тәр­кі­леніп, өздері репрес­си­яға ұшы­ра­ды. Кеңес идео­ло­ги­я­сы­ның қаза­қтар тарихын­дағы аса маңы­зды оқиға­лар мен жайт­тар­ды халы­қтың зер­десі­нен өшіру­ге бағыт­талған әре­кет­тері қатар жүр­ді. Тарих бұр­ма­ла­нып, халы­қтың басы­нан өткен қан­ды оқиға­лар мен бастан кеш­кен қасірет­ті «асы­ра сіл­теу», «бол­ма­шы адам шығы­ны» неме­се «бас­ма­шы­лы­қ­пен күрес» деп бүр­ке­ме­леп, шынайы жағ­дай жасы­ры­лып кел­ді.

Ашар­шы­лы­ққа қаты­сты мәлі­мет­тер құпия бол­ды. Ал оны жари­я­лаған­дарға қаты­сты қыл­мыстық істер қозға­лып, тіп­ті шеті­нен аты­лып та жат­ты. Көр­ші мем­ле­кет­тер­дің пост­кеңе­стік кезең­де­гі наси­ха­ты кеңе­стік дәуір наси­ха­ты­ның мұра­гері болып қалып­та­сты. Кезін­де­гі кеңес-ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­сы­ның аста­ры­на жасы­ры­лған «орыс әле­мінің» шови­ни­стік сая­са­ты соңғы жыл­да­ры үдей түсті. Осы орай­да шови­ни­стік көзқа­рас­тар­дан бөлек, қара­пай­ым тарих пен тарих­та орын алған жайт­тар­дан хабар­сыз болу­дың етек жай­ып оты­рға­нын түсі­ну аса маңы­зды мәсе­ле. Бұл жағ­дай XIX ғасыр­дағы Ресей экс­пан­ци­я­сы, 1916 жылғы Ұлт-азаттық соғыс пен қазақ ұлты­на үлкен қасірет алып кел­ген 20–30-жылдардағы ашар­шы­лы­ққа, қазақ тілінің құл­ды­ра­уы­на, тіп­ті 1986 жылғы «Жел­тоқ­сан оқиға­сы­на» тіке­лей қаты­сты. Әзір­ше қазақ халқын қасірет­ке ұшы­ратқан тари­хи оқиға­лар­ды біре­гей топ­та­сты­руға және бірік­тіру­ге әлі ерте­рек.

Әрине, бұл мәсе­ле­ге мәде­ни және тари­хи тұрғы­дан қара­уға бола­ды. Қалай десек те, бұл зұл­матқа (гено­цид) болжам-жора­мал­сыз, эмо­ци­я­сыз қарау қажет. Біздің ойы­мыз­ша, ХХ ғасыр­дың ең үлкен қасіреті болып кел­ген ашар­шы­лық жөнін­де айқын, негіз­дел­ген ой-пікір­ді қалып­та­сты­ру маңы­зды про­це­стің баста­ма­сы бола ала­ды. Ашар­шы­лы­қты 20-жыл­дар­дың басын­дағы ашты­қ­пен қатар қарау керек деп есеп­тей­міз. Әртүр­лі деректер бой­ын­ша, сол кезең­де қазақ халқы аштық сал­да­ры­нан мил­ли­он­нан астам ада­мын жоғалт­ты. Алай­да нақты шешім­ді біздің қоға­мы­м­ыз құқы­қтық негіз­де қабыл­да­уы тиіс деп есеп­тей­міз.

Бүгін­гі аху­ал

Елі­міз­де ашар­шы­лық мәсе­лесін көте­ру­ге бағыт­талған біраз әре­кет­тер көп­те­ген кедер­гілер­ге тіреліп жатыр. Оған бірқа­тар әле­умет­тік топ­тар қар­сы­лық көр­се­ту­де. Бұл тек Қаза­қстан­да әлі де үстем­дік жасап оты­рған кеңес идео­ло­ги­я­сы­мен неме­се шын­ды­ққа тік қарау қорқы­ны­шы, иә бол­ма­са осы мәсе­ленің маңы­зды­лы­ғын түсіне алмау­мен ғана бай­ла­ны­сты емес, соны­мен қатар билік­тің өзіне мін­дет жүк­те­уден қашқақтап оты­рға­ны да себеп болу­да.

Десек те, қазақ қоға­мы­ның ашар­шы­лық мәсе­лесіне деген қызы­ғу­шы­лы­ғы­ның артуын аңға­руға бола­ды. Ақпа­рат құрал­да­рын­да мақа­ла­лар жари­я­ла­нып, көр­кем фильм­дер түсіріліп, ғылы­ми-пуб­ли­ци­сти­ка­лық еңбек­тер жарық көру­де. Алай­да осы­ның бәрі Сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры күні болып жари­я­ланған 31 мамыр қар­саңын­дағы науқан­шы­лы­қтан аса алмай отыр. Ары кет­се, пікір­та­лас шең­бері­нен шық­пай­ды.

Билік­тің сая­си ері­гі

Әділ­дік үшін атап өту керек, кей­ін­гі жыл­да­ры билік осы бағыт­та шағын қадам­дар жаса­уға әре­кет етті. Оған мысал ретін­де ашар­шы­лық құр­бан­да­ры­на бағы­шта­лып салы­нған ескерт­кі­ш­тер­ді, Михай­ло­втың «Ұлы жұт хро­ни­ка­сы» атты кіта­бы­ның қай­та басы­лы­мға шығуын, азды-көп­ті ресми және бей­ре­сми шара­лар­дың ұйым­да­сты­ры­луын, сон­дай-ақ Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың 2017 жылғы халы­ққа жол­да­уын айтып өту­ге бола­ды. ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев осы істе жүй­елік таны­тып, бастаған ісінің нақты қадам­да­рын айқын­дап, оны сөз жүзін­де емес, іске асы­руы қажет. Ал ол үшін сая­си ерік пен өз халқы­ның мұң-мұқта­жы­на құлақ асуы керек.

Алай­да бұл әре­кет­тер қоға­мы­м­ы­зда түсініс­пе­ушілік туды­рып, сынға ұшы­ра­ды. Бұның бәрі халы­қтың бүгін­гі Қаза­қстан билі­гінің құрған режи­міне деген сенім­сіздік­тен туын­дап отыр. Мына жайтт­ты әрдай­ым есте сақтау керек: бұл баста­маға қар­сы­лық тек Қаза­қстан ішін­де ғана бол­май­ды, оған ком­му­ни­стік, пост­кеңе­стік идео­ло­ги­я­сы шары­қтап тұрған көр­ші мем­ле­кет­тер, олар­дың ақпа­рат құрал­да­ры, сол мем­ле­кет­тер­ді қол­да­у­шы ұйым­дар, ұлт-боль­ше­вик­тері, казак жасақта­ры және фаши­стік идео­ло­ги­я­ны қол­да­у­шы­лар тара­пы­нан қар­сы­лық бола­ды.

Қоғам­ның күш-жігерін нығай­ту

Біз – қоғам, ғалым­дар, жур­на­ли­стер, сая­сат­кер­лер, мәде­ни­ет сала­сы­ның қай­рат­кер­лері және қара­пай­ым аза­мат­тар – кому­ни­стік режим­нің жасаған қыл­мыста­рын әшке­ре­лей­тін пікірі­мізді айтып қана қой­май, мил­ли­он­даған адам­ның өмірін қиған зұл­мат­тың жан-жақты зерт­те­луіне ат салы­суға дай­ын екені­мізді біл­діре­міз. «Жаңа Қаза­қстан» фору­мы, «төмен­нен басталған» баста­ма­ның дұрыс, алға­шқы қада­мы бола­ды деген­ге сенім­ді­міз. «Жаңа Қаза­қстан» фору­мы­ның алаңы, оның интел­лек­ту­ал­ды, қоғам­дық, сая­си және сыр­тқы сая­си актив­тері бұл жұмысты жүзе­ге асы­руға жақ­сы мүм­кін­дік береді.

Нақты істер атқа­ра­тын кез кел­ді! Осы мақ­сат­та халы­қа­ра­лық тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­ды жұмысқа тар­ту өте маңы­зды. Сон­дай-ақ зерт­те­улер­ге қаза­қстан­дық және халы­қа­ра­лық мем­ле­кет­тік емес ұйым­дар­ды жұмыл­ды­ру керек. Әсіре­се осы мәсе­ле­де тәжіри­бесі мол Укра­и­на, Арме­ния, АҚШ, Еуро­па одағы секіл­ді мем­ле­кет­тер­дің көме­гіне жүгі­ну артық бол­май­ды.

Тари­хи құжат­тар мен куә­гер­лер­дің айғақта­ры­на негіз­дел­ген ашар­шы­лық құр­бан­да­ры­ның біре­гей мем­ле­кет­тік реест­рін құру өте маңы­зды.

Ашар­шы­л­шық мәсе­лесі­мен айна­лы­са­тын ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы құры­лып, ол мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­лып, билік тара­пы­нан қол­дау көруі тиіс.

Мемо­ран­дум­ның құқы­қтық негіз­дері

Осы мемо­ран­дум өзге халы­қтарға қар­сы­лық біл­діруді, ұлт араз­ды­ғын қоз­ды­ру мен мем­ле­кет және Қаза­қстан халқы­на зия­нын тигі­зетін сая­си аран­да­ту­шы­лы­қты көз­де­мей­тінін қадап айта­мыз.

Мемо­ран­дум­ның көз­де­ген мақ­са­ты – ашар­шы­лы­қты ресми, заң­ды-құқы­қтық, қаза­қтарға қар­сы жасалған зұл­мат­ты сая­си тұрғы­да қарас­ты­рып, халы­қа­ра­лық дең­гей­де мой­ын­да­ту. Бұған қоса, Қаза­қстан­ның ком­му­ни­стік идео­ло­ги­ядан алшақтау про­цесіне түрт­кі болу.

Ең кемін­де 1930 жыл­дың бас кезін­де­гі ашар­шы­лы­қтың құқы­қтық баға­сын беру­ге қол жет­кі­зу керек. Ара­лық мақ­сат ретін­де ашар­шы­лық тра­ге­ди­я­сы сал­да­ры­ның құқы­қтық және сая­си мәнін түсі­ну болып отыр. «Ком­му­ни­за­ци­ядан алшақтау» және «1932–1933 жылғы ашар­шы­лық» тура­лы заң­да­ры­ның құқы­қтық негізін қалап, оны қоғам талқы­сы­на ұсы­ну қажет. Ком­му­ни­стік режим­нің жап­пай адам өлті­ру, зұл­мат және адам­за­тқа қастан­дық жасау қыл­мыста­ры­ның құқы­қтық баға­сын беруі­міз керек. Қаза­қстан­ды әлі де ком­му­ни­стік дәуір­ге сүй­реп, елі­міздің тәу­ел­сізді­гіне қауіп төн­діріп тұрған ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ны тамы­ры­мен жоюға күш салу керек. Бұл Қаза­қстан­ның ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гінің алғы шар­ты және кеңе­стік дәуір­дің идео­ло­ги­я­сы­нан босап шыққан қаза­қстан­дық ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның қалып­та­суы­на ықпал жасай­ды.

«Қаза­қтарға жасалған зұл­мат­ты (гено­цид) мой­ын­дау» жөнін­де­гі мемо­ран­дум­ды аза­мат­тық қоғам­ның қабыл­да­уы­ның өзі – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның шынайы тәу­ел­сізді­гінің көрінісі бола­ды. Бұн­дай құжат­ты қабыл­дау ком­му­низ­мнен алшақтау про­це­стерінің күше­юіне пәр­мен­ді түрт­кі болып, өткені­міз­ге басқа­ша қарап, нәти­же­сін­де тәу­бе­ге келу­ге мүм­кін­дік береді. Тәу­бе­ге келу – біздің баста­ма­мы­здың негіз­гі мақ­са­ты. Аштық сал­да­ры­нан азапты өлім­ге душар болған мил­ли­он­даған отан­даста­ры­мы­здың алдын­да тағ­зым ету – біздің тарих пен бола­шақ ұрпақ алдын­дағы боры­шы­мыз.

Ком­му­ни­стік режим­нің жасап кет­кен қыл­мыста­рын, сая­си шови­низмді, қазақ халқын мақ­сат­ты түр­де жою пиғыл­да­рын әшке­ре­леп, құр­бан­дарға тағ­зым ету­ге қазақ халқы­ның толық құқы­ғы бар және солай жаса­уға мін­дет­ті.

Біздің де мін­дет!

Сон­ды­қтан біз көтер­ген баста­ма­ның қажет­тілі­гі мен маңы­зды­лы­ғын түсініп оты­рған қаза­қстан­дық және халы­қа­ра­лық меке­ме­лер­мен, қоғам­дық ұйым­дар­мен, жеке аза­мат­тар­мен бір­лесіп жұмыс жаса­уға ниет­ті­міз.

Соны­мен қатар көтеріліп оты­рған мәсе­ле­лер­ді түсін­бей­тін, тіп­ті оған қар­сы­лық біл­дірем деген қар­сы­ла­стар­мен дис­кус­си­яға түсу­ге әзір­міз.

Билік пен заң­на­ма­да, тіп­ті Ата заң­да түбе­гей­лі өзгерістер бол­май­ын­ша, зұл­мат­ты мой­ын­да­удың мүм­кін еме­сті­гін біз жақ­сы түсі­не­міз.

ХХ ғасыр­дағы қаза­ққа жасалған зұл­мат­ты халы­қа­ра­лық қоғам­да­сты­қтың мой­ын­дай­ты­ны­на біздің сені­мі­міз мол.

Ару­ақ қол­да­сын!

«Жаңа Қаза­қстан» Фору­мы

Алма­ты,

мамыр, 2018 жыл