fbpx

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ УСТАВЫ

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ УСТАВЫ

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ УСТАВЫ»

Кіріспе сөз

Қазақ елі көне ұлт­тар­дың бірі. Оның тарихы­ның тамы­ры терең­ге жай­ы­лған. Жеке ел болып өмір сүр­ді, елі, жерін қорға­ды. Ұрпақ жалға­стыр­ды 7 мил­ли­онға жет­ті. Саны­мен Рос­си­яда үшін­ші орын­да. «Ақта­бан шұбы­рын­ды, алқа­көл сұла­ма» жыл­да­рын­да қал­мақтар­дың күшті һәм көп әскеріне ауы­з­бір­лік жоқты­ғы­нан қар­сы тұра алма­ды. Бірақ Үш жүздің ақыл­ды ұлда­ры бір бай­рақтың асты­на жина­луға уәде беріп, бас қосып, қал­мақтар­ды күл-талқан жаса­ды. Әбіл­хай­ыр хан асы­ғы­стық жаса­у­мен Кіші жүздің қаза­қта­рын Рос­си­яға бағы­ны­шты етті. Орыс пат­ша­сы жасалған шар­тты бұзып, қазақ жеріне бекіністер орнат­ты, жау­лап алу­ды күштіледі, қара шек­пен­ділер­ді қап­тат­ты, қаза­қтың жерін, жеген нанын, ішкен суын тар­тып алды. Бай­ғұс қаза­қтар өз жеріне ие болу­дан айы­рыл­ды һәм айда­лаға құмға ығы­сты­рыл­ды.

Жаңа заман­да атыс­сыз, соғыс­сыз, қан төк­пей бей­біт жол­мен жері­міз­де хүк­меті өз қолын­да ел болу мақ­са­тын­да, бар­лық елдер­мен досты­қта болу үшін жеке Қазақ елі рес­пуб­ли­ка­сын құра­мыз. Қазақ елі рес­пуб­ли­ка­сын­да жоғарғы билік жүр­гі­зуді бүкіл қазақ және басқа нәсәл­дер­дің өкіл­дері дауыс беру арқы­лы іске асы­ра­ды. Сай­ла­на­тын­дар елдің ең сүй­ік­ті, білім­ді, елі үшін жанын беретін адам­дар.

Өз алды­на ел болу­ды көз­де­умен дүни­е­де өзін-өзі биле­ген нәсіл­дер сияқты жеке ел болу мақ­са­тын­да һәм елді бақыт­ты, теңдік, бостан­дық өміріне жет­кі­зу үшін осы устав­ты кір­гі­зеді.

1.Қазақ елі рес­пуб­ли­ка­сы­ның жеке болуы тура­сын­да

1. Қазақ елі халық билей­тін һәм қаза­қи ерекшелік­тері бар ел.

2. Қазақ елінің жеке туы бар. Ту жасыл, қызыл һәм сары көл­де­нең жолақтар­дан жаса­ла­ды. Басын­дағы бұры­шта ай һәм жұл­ды­здың суреті бар. Жасыл түс – елдің исла­мға беріл­ген­ді­гінің бел­гісі, қызыл – ел қорға­уда төгіл­ген қан, сары – қаза­қтың кең дала­сы, еркін­дік­тің бел­гісі.

3. Бұдан былай Қазақ елі Рос­си­я­мен доста­стық, яғни доми­ни­он дәре­же­сін­де­гі қарым- қаты­на­ста болып тұра­ды.

4. Қазақ елінің ең бас­шы оры­ны Ұлт мәжілісі. Оған дауы­спен өткен­дер Қазақ елінің бас­шы­сы Пре­зи­дент­ті төрт жылға сай­лай­ды.

5. Бір пре­зи­дент екі рет­тен асып ел биле­у­ге хұқы жоқ.

6. Пре­зи­дент Қазақ елін мини­стр­лер арқы­лы басқа­ра­ды. Мини­стр­лер­ді Пре­зи­дент өзі таң­дай­ды, бірақ Ұлт мәжілісі дауы­спен шешеді.

7. Мини­стр­лер өздері басқарған жұмыста­ры­мен Пре­зи­дент­тің һәм Ұлт мәжілісінің алдын­да есеп беріп тұра­ды.

8. Қазақ елі Пре­зи­ден­тінің орын­ба­са­ры – Вице-пре­зи­дент. Ол Пре­зи­дент жоқ болған­да орнын баса­ды, бар кез­де оның айтқа­ны­мен жұмыс істей­ді.

9. Қазақ елін­де билік жүр­гі­зу закон шыға­ра­тын, орын­дай­тын һәм сот болып тұра­ды. Үш билік бір-біріне бағын­бай­ды, бас­сызды­ққа жол бер­ме­удің бел­гісі болып тұра­ды.

2.Адам бала­сы­ның хұқы тура­сын­да

10. Қазақ елін­де адам бала­сы­ның бәрі тең хұқы­лы. Дініне, қаны­на, тегіне, нәсіліне қарап адам­ды қор­ла­у­ға жол жоқ. Адам тек закон һәм құдай алдын­да жау­ап береді.

11. Қазақ елін­де адам бала­ла­ры бостан­ды­қта, теңдік­те һәм бақыт­ты өмір сүру­ге хұқы бар.

12. Қазақ елін­де ер адам­мен әйел теңді. Қаза­қи ерекшелік­тер әйел­дер­ді қор­ла­май­ды, әйел келісі­мі­мен іске аса­ды.

13. Қазақ елін­де адам бала­сы­ның еркін сөй­ле­у­ге, ұйым құруға һәм пар­ти­я­ларға кіруіне тый­ым жоқ.

14. Нәсіл­дер­ді бір-біріне қар­сы ите­ретін ұйым­ның, пар­ти­я­ның, адам бала­сы­ның істеріне тый­ым салы­на­ды. Кінәлілер законға жау­ап­ты.

15. Қазақ елін­де сот­тың рұқ­са­тын­сыз адам бала­сы ұстал­май­ды, абақты­ға қамалмайды.Ұсталғандарға сот 24 сағатқа хүкім беруі шарт, бол­ма­са қамаудан боса­ты­ла­ды. Закон­ды бұзу­мен қамаған сот алдын­да сазай­ын тар­та­ды.

16. Қазақ елін­де адам бала­сы­ның хат-хаба­рын ашуға рұқ­сат жоқ. Рұх­сат беру – сот­тың мой­нын­да.

17. Адам бала­сы­ның мүлік­тің бар­лық түріне ие болуға хұқы бар. Мүлік­ке ие болу, пай­да­ла­ну һәм биле­уден адам бала­сы­на зиян бол­мауы шарт. Мүлік хұқы­нан айы­ру закон­мен, құнын төлеу арқы­лы бола­ды.

3. Қазақ жері тура­сын­да

18. Қазақ жері оның мен­ші­гін­де бола­ды.

19. Қазақ елінің жері саудаға түс­пей­ді, құдай оны адам бала­сы­на пай­да­ла­ну үшін жарат­ты.

20. Жер­дің кені, орман,су, көлі һәм тау­ла­ры қазақ елінің иесін­де. Мал жаю, егін өсі­ру, үй салу, жер­ді өңдеу һәм жер­ді пай­да­лы іс мақ­са­тын­да қазы­наға қай­та­ру хүк­мет рұқ­са­ты­мен бола­ды.

4. Сот тура­сын­да

21. Сот билі­гі өз еркі­мен іске аса­ды.

22. Сот­тың хүкі­мі законға һәм сот ере­же­леріне сүй­е­неді.

23. Судья­лар дау шеш­кен­де хүкі­мет­ке яки адам бала­сы­на бағын­бай­ды, закон һәм сот ере­же­лері негізі­мен хүкім шыға­ру­ла­ры шарт. Судья­ларға әсер жасаған­дарға сот­тың хүкі­мі кесіледі.

24. Қазақ елін­де бас судья­лар Ұлт мәжілісін­де өмір бойы сай­ла­на­ды. Закон­ды бұзған һәм орын­да­маған судья­лар орын­да­ры­нан алы­на­ды.

25. Орны­нан алу­да ада­ма бала­сы­ның ары­зы негізін­де Һәм Қазақ елі соты­ның Пред­се­да­телінің хүкі­мі­мен Ұлт мәжілісін­де көп дауы­спен рас­тай­ды. Олай бол­ма­са, судья өз аты­на қай­та­ры­ла­ды.

26. Судья­лар қазақ тілін білуі шарт. Басқа нәсіл­дер­дің сот­та өз тіл­дерін­де сөй­ле­у­ге хұқы бар.

27. При­сяж­ный соты ауыр қыл­мысты істер­ді шешу­ге хұқы­лы. При­сяж­ный саны 7 адам.

28. Сот орнын­да пар­ти­я­лар бол­мауы шарт. Судья­лар пар­ти­яға кіру хұқы­нан айы­ры­ла­ды. Жасы­рын мүше бол­са, орны­нан алы­на­ды.

13 мау­сым, 1911 жыл, Петер­бор қала­сы, С.Б. Ала­шин­ский

«УСТАВ СТРАНЫ КАЗАХОВ»

Преамбула

Стра­на каза­хов одна из древ­них наций. Исто­рия ее ухо­дит в глубь веков. Жили каза­хи само­сто­я­тель­но, защи­ща­ли свою зем­лю. Забо­тясь о потом­стве сво­ем, [чис­лом] достиг­ли 7 мил­ли­о­нов. По коли­че­ству – на тре­тьем месте в Рос­сии [сре­ди дру­гих наро­дов]. В годы Вели­ко­го бед­ствия – «Ақта­бан шұбы­рын­ды, алқа­көл сұла­ма» – из-за отсут­ствия един­ства не смог­ли [каза­хи] про­ти­во­сто­ять силь­но­му и мно­го-чис­лен­но­му кал­мык­ско­му вой­ску. Одна­ко муд­рые сыно­вья трех жузов, дого­во­рив­шись объ­еди­нить­ся под еди­ным зна­ме­нем, раз­би­ли кал­мы­ков. Хан Абул­ха­ир пото­ро­пил­ся под­чи­нить каза­хов Млад­ше­го жуза Рос­сии. Рус­ский царь же в нару­ше­ние заклю­чен­но­го дого­во­ра постро­ил на казах­ской зем­ле [воен­ные] укреп­ле­ния, уси­лил экс­пан­сию, посе­лил мно­же­ство рус­ских кре­стьян, ото­брал у каза­хов зем­лю, хлеб и воду. Несчаст­ные каза­хи пере­ста­ли быть хозя­е­ва­ми на сво­ей зем­ле и были вытес­не­ны в без­люд­ную степь и пес­ки.

В новое вре­мя мир­ным путем, без стрель­бы и вой­ны, не про­ли­вая кро­ви, что­бы быть на сво­ей зем­ле стра­ной с соб­ствен­ным пра­ви­тель­ством и быть в друж­бе со все­ми дру­ги­ми стра­на­ми [мы] учре­жда­ем рес­пуб­ли­ку Стра­на каза­хов. В рес­пуб­ли­ке Стра­на каза­хов вер­хов­ная власть осу­ществ­ля­ет­ся путем голо­со­ва­ния пред­ста­ви­те­лей всех каза­хов и людей ино­го про­ис­хож­де­ния. Избран­ные – это самые люби­мые, обра­зо­ван­ные, гото­вые отдать жизнь ради стра­ны люди.

Так же, как и дру­гие само­управ­ля­ю­щи­е­ся наро­ды мира стре­мят­ся

быть само­сто­я­тель­ны­ми, [мы,] что­бы стать само­сто­я­тель­ной стра­ной и что­бы при­ве­сти народ к счаст­ли­вой, рав­но­прав­ной и сво­бод­ной жиз­ни, пред­ла­га­ем насто­я­щий Устав.

I. О само­сто­я­тель­но­сти рес­пуб­ли­ки Стра­на каза­хов

1. Стра­на каза­хов – стра­на, управ­ля­е­мая наро­дом и име­ю­щая казах­ские осо­бен­но­сти.

2. Стра­на каза­хов име­ет флаг. Флаг состо­ит из зеле­ной, крас­ной и жел­той попе­реч­ных полос. В верх­нем углу име­ет­ся рису­нок полу­ме­ся­ца и звез­ды. Зеле­ный цвет – знак вер­но­сти стра­ны исла­му, крас­ный – сим­вол про­ли­той при защи­те стра­ны кро­ви, жел­тый – сим­вол широ­кой казах­ской сте­пи, сво­бо­ды.

3. С насто­я­ще­го вре­ме­ни Стра­на каза­хов будет под­дер­жи­вать с Рос­си­ей дру­же­ские отно­ше­ния, то есть иметь ста­тус доми­ни­о­на.

4. Выс­ший орган Стра­ны каза­хов – Наци­о­наль­ный мажи­лис. Избран­ные в его состав изби­ра­ют гла­ву Стра­ны каза­хов – Пре­зи­ден­та на четы­ре года.

5. Один Пре­зи­дент не впра­ве управ­лять стра­ной боль­ше двух сро­ков.

6. Пре­зи­дент управ­ля­ет Стра­ной каза­хов через мини­стров. Пре­зи­дент выби­ра­ет мини­стров само­сто­я­тель­но, одна­ко они под­ле­жат утвер­жде­нию путем голо­со­ва­ния Наци­о­наль­но­го мажи­ли­са.

7. Мини­стры отчи­ты­ва­ют­ся о сво­ей рабо­те перед Пре­зи­ден­том и Наци­о­наль­ным мажи­ли­сом.

8. Заме­сти­те­лем Пре­зи­ден­та Стра­ны каза­хов явля­ет­ся Вице-пре­зи­дент. Он заме­ща­ет Пре­зи­ден­та в его отсут­ствие, а в осталь­ном под­чи­ня­ет­ся Пре­зи­ден­ту.

9. В Стране каза­хов будут вла­сти – зако­но­да­тель­ная (пар­ла­мент), испол­ни­тель­ная (пра­ви­тель­ство) и судеб­ная. Три вла­сти не под­чи­ня­ют­ся друг дру­гу и будут являть­ся сим­во­лом недо­пу­ще­ния без­за­ко­ния.

II. О пра­вах чело­ве­ка

10. В Стране каза­хов все люди име­ют рав­ные пра­ва. Не допус­ка­ет­ся дис­кри­ми­на­ция чело­ве­ка по при­зна­ку рели­гии, кро­ви, соци­аль­но­го или этни­че­ско­го про­ис­хож­де­ния. Чело­век несет ответ­ствен­ность толь­ко перед зако­ном и богом.

11. В Стране каза­хов люди име­ют пра­во на сво­бо­ду, равен­ство и счаст­ли­вую жизнь.

12. В Стране каза­хов муж­чи­ны и жен­щи­ны рав­ны. Казах­ские осо­бен­но­сти не уни­жа­ют жен­щин и осу­ществ­ля­ют­ся с их согла­сия.

13. В Стране каза­хов чело­век име­ет пра­во сво­бод­но выска­зы­вать­ся, объ­еди­нять­ся и всту­пать в [поли­ти­че­ские] пар­тии.

14. Запре­ща­ют­ся дей­ствия объ­еди­не­ний, [поли­ти­че­ских] пар­тий и людей, направ­лен­ные на враж­ду меж­ду этно­са­ми. Винов­ные будут отве­чать по зако­ну.

15. В Стране каза­хов чело­век не может быть под­верг­нут задер­жа­нию, заклю­че­нию в тюрь­му без санк­ции суда. В отно­ше­нии задер­жан­ных в тече­ние 24 часов долж­но быть выне­се­но [соот­вет­ству­ю­щее] реше­ние суда, в про­тив­ном слу­чае [задер­жан­ный] осво­бож­да­ет­ся. Ответ­ствен­ные за неза­кон­ное задер­жа­ние [или арест] несут ответ­ствен­ность перед судом.

16. В Стране каза­хов не допус­ка­ет­ся вскры­тие писем и пере­пис­ки. Раз­ре­ше­ние [на вскры­тие] – в ком­пе­тен­ции суда.

17. Чело­век име­ет пра­во вла­деть любым видом иму­ще­ства. Вла­де­ние, поль­зо­ва­ние и рас­по­ря­же­ние иму­ще­ством не долж­но при­чи­нять вред [дру­го­му] чело­ве­ку. Лише­ние пра­ва на иму­ще­ство осу­ществ­ля­ет­ся на осно­ва­нии зако­на и с [над­ле­жа­щим] мате­ри­аль­ным воз­ме­ще­ни­ем.

III. О зем­ле каза­хов.

18. Зем­ля каза­хов нахо­дит­ся в их соб­ствен­но­сти.

19. Зем­ля каза­хов не про­да­ет­ся, бог создал ее для поль­зо­ва­ния чело­ве­ком.

20. Нед­ра, леса, вода, озе­ра и горы нахо­дят­ся во вла­де­нии Стра­ны каза­хов. Ско­то­вод­ство, хле­бо­па­ше­ство, построй­ка домов, зем­ле­де­лие, а так­же воз­врат зем­ли госу­дар­ству для обще­по­лез­но­го дела осу­ществ­ля­ет­ся с раз­ре­ше­ния пра­ви­тель­ства.

IV. О суде

21. Судеб­ная власть осу­ществ­ля­ет­ся само­сто­я­тель­но.

22. Реше­ния суда осно­вы­ва­ют­ся на законе и судеб­ных пра­ви­лах.

23. Судьи при рас­смот­ре­нии спо­ров не под­чи­ня­ют­ся пра­ви­тель­ству или людям и выно­сят реше­ния на осно­ва­нии зако­на и судеб­ных пра­вил. Люди, [неза­кон­но] воз­дей­ству­ю­щие на судей, пре­сле­ду­ют­ся в судеб­ном поряд­ке.

24. Все судьи в Стране каза­хов изби­ра­ют­ся Наци­о­наль­ным мажи­ли­сом пожиз­нен­но. Судьи, нару­шив­шие, а так­же не испол­нив­шие закон, осво­бож­да­ют­ся от долж­но­сти.

25. Осво­бож­де­ние [судьи] от долж­но­сти осу­ществ­ля­ет­ся на осно­ва­нии [чьей-либо] жало­бы и реше­ния Пред­се­да­те­ля суда Стра­ны каза­хов и утвер­жда­ет­ся боль­шин­ством голо­сов Наци­о­наль­ным мажи­ли­сом. Пол­но­мо­чия судьи воз­об­нов­ля­ют­ся, если отсут­ству­ют усло­вия, послу­жив­шие осно­ва­ни­ем для осво­бож­де­ния от долж­но­сти.

26. Судьи обя­за­ны знать казах­ский язык. Лица ино­го [этни­че­ско­го] про­ис­хож­де­ния впра­ве гово­рить в суде на сво­ем язы­ке.

27. Суд при­сяж­ных [засе­да­те­лей] впра­ве рас­смат­ри­вать уго­лов­ные дела по тяж­ким пре­ступ­ле­ни­ям. Чис­ло при­сяж­ных [засе­да­те­лей] – семь чело­век.

28. В судеб­ных учре­жде­ни­ях не допус­ка­ет­ся дея­тель­ность [поли­ти­че­ских] пар­тий. Судьи не впра­ве быть чле­на­ми [поли­ти­че­ских] пар­тий. При выяв­ле­нии тако­го тай­но­го член­ства [судья] осво­бож­да­ет­ся от долж­но­сти.

13 июня 1911 года, Санкт-Петер­бург,

С.Б. Ала­шин­ский