Әміржан Қосанов, саясаткер: “КАТАРСИССІЗ КОМСОМОЛДАН ҚҰТЫЛА АЛМАЙМЫЗ!”

Тарих­тан, оның ішін­де 70 жыл бой­ы­на аға ұрпақ бастан кешір­ген кезең­нен бас тар­та алмай­ты­ны­мыз анық. Мил­ли­он­даған қазақ ком­со­мол мүше­сі бол­ды. Адал еңбек етті, өз зама­ны­ның жетістік­теріне қол жет­кізді (бірақ ол жеңістер­дің бәрі тота­ли­тар­лық негіз­де жүзе­ге асты).

Сон­ды­қтан ком­со­молға қаты­сты сын­ды мен ұйым мүше­леріне емес, сол кез­де­гі бас­шы­ларға қарай бағы­штай­мын – тұтас ұрпақтарға топы­рақ шашуға бол­май­тын шығар.

Мәсе­лен, мен де ком­со­мол қата­рын­да бол­дым. Бірақ заң­ды бұз­ба­дық, ешкім­нің ала жібін аттаған жоқ­пыз. Жас кез­де тапқан дос-жаран­дар бар, солар­дың ішін­де шын мәнін­де мем­ле­кет­шіл, халқы­на адал қан­ша­ма аза­мат­тар бол­ды.

Алма­ты­ға алыс-жақын­нан кел­ген жол­даста­рым­ды көріп қалу үшін мен де осы жиы­нға бар­дым. Бірақ сахна­дағы Ленин­нің бей­несін, қып-қызыл атри­бу­ти­ка­ны көру үшін барған жоқ­пын.

Ең басты­сы, «біз осы ұйым­да болып едік» деп, ком­со­мол­ды тек қана мақтап, оның қазақ елінің тарихын­дағы шын, қара­ма-қай­шы, керек десеңіз, тра­ге­ди­я­лық ролі тура­лы әңгі­ме­ден қаша алмай­мыз. Өзінің руха­ни аға­сы – Ком­му­ни­стік пар­тия секіл­ді ком­со­мол да осы жыл­да­ры оры­на алған бар­ша зұл­мат, қай­ғы-қасірет­ке жау­ап береді.

Және де ол жау­ап­кер­шілік жал­пы­ла­ма емес, нақты түр­де болуы тиіс. Әр кезең­де­гі әр тра­ге­ди­я­ның өз автор­ла­ры бар, солар­ды атау керек.

Сөз жоқ, біз о бастан айтып келе жатқан десо­вет­тен­ді­ру, деком­му­низмден­ді­ру, отар­сызда­ну секіл­ді аса маңы­зды талап­тарға билік осы күн­ге дей­ін көңіл аудар­май келеді.

Оның, менің­ше, үш себебі бар.

Бірін­ші­ден, билік басын­да баяғы ком­му­ни­стік бас­шы­лар отыр. Сол совет­тік, бюро­кра­ти­я­лық, әкім­шілік басқа­ру әдіс-тәсіл­дерін олар өздері­мен бір­ге XXI ғасы­рға алып кел­ді. Қара­саңыз, қазір­гі де-факто бір­пар­ти­я­лық, «нұро­тан­дық» жүй­енің кеше­гі Ком­пар­ти­я­ның сая­си бюро­сы басқарған жүй­е­ден не айыр­ма­шы­лы­ғы бар – аты басқа болға­ны­мен, заты, мән-маз­мұ­ны, тіп­ті жасаған қимыл-әре­кеті де сол – бір көсем­ге табы­ну, сая­си қар­сы­ла­стар­ды жою не тұқыр­ту, қып-қызыл цен­зу­ра, билік­тің халық алдын­да есеп бер­ме­уі.

Екін­ші­ден, мәсе­ленің идео­ло­ги­я­лық бір аста­ры бар. Өйт­кені, нағыз десо­вет­тен­ді­ру ол – «ала­шта­ну», яғни «Ала­шор­да» өкі­метінің база­лық прин­циптерін бас­шы­лы­ққа алып, тиісті мем­ле­кет­тік сая­сат жүр­гі­зу. Оған «қаза­қ­шыл­мын», «ұлт­шыл­мын» деп айтуға қорқа­тын қазір­гі бас­шы­лар мораль­дық, пси­хо­ло­ги­я­лық, ада­ми тұрғы­дан дай­ын емес. Сон­ды­қтан десо­вет­тен­ді­ру тоқтап тұр.

Үшін­ші­ден, совет­тік дәур­дің аса тра­ге­ди­я­лық тұста­рын, елге, қазақ ұлты­на кел­тір­ген орас­ан зор зала­лын айту­дан қашқақта­удың артын­да кеше­гі КСРО кеңісті­гін­де өз геге­мо­ни­я­сын сақтап қалуға тыры­сып жатқан кремль­дік сая­сатқа том­пақ келеді, ал біздің бас­шы­лық ол жаққа кіріп­тар әлі тәу­ел­ді. Мәс­кеу ком­со­мол­дың 100 жыл­ды­ғын дәл осы мақ­сат­тар үшін пай­да­ла­нып жатқа­ны да өтірік емес.

Менің­ше, ком­со­мол­дың 100 жыл­ды­ғы секіл­ді дата­ны той ретін­де емес, ашық та бүк­пе­сіз тал­дау, ғылы­ми сарап­та­ма жасау ретін­де өткі­зуі керек еді. Аға буын да сөй­лесін, жастар да өз ойын айт­сын. Ком­му­ни­стік режим кезін­де­гі бар­лық тра­ге­ди­яға баға берілуі тиіс.

Сол кез­де біз шыны­мен де руха­ни әрі тари­хи катар­си­стен өтіп, сана­мы­зды бір тазар­тып алар едік. Бірақ ондай әңгі­ме­ге қазір­гі билік дай­ын деп мен айта алмай­мын. Сон­ды­қтан билік­ке қара­май, қоғам болып осы әңгі­мені баста­уға тиіс­піз.

Жас алаш”, 23 қазан 2018 жыл